https://sputnik.kz/20221130/qr-kod-elektrondy-tsifrlyq-qoltanbany-tolygymen-almastyra-almaydy-29863128.html
QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды
QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. QR-код арқылы қол қою тәсілі енгізілгеннен кейін электронды цифрлық қолтаңба жойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Цифрлық даму... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T11:57+0500
2022-11-30T11:57+0500
2023-08-09T09:34+0500
электрондық үкімет
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17621155_0:134:3164:1914_1920x0_80_0_0_bb2a26d23cc957e3b9c2fa772a06176b.jpg
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. QR-код арқылы қол қою тәсілі енгізілгеннен кейін электронды цифрлық қолтаңба жойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.Министрліктің айтуынша, QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды.Қолданушылар браузердегі QR-кодты телефондағы Egov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеу керек.Egov Mobile-ге пин-кодты енгізу немесе биометриялық деректер: саусақ ізі, көз қарашығы, бет-әлпетті тану арқылы қол қоюға ұсынылған деректерді оқу керек.Басқаша айтқанда, QR қол қою – бұл құжаттарға қол қоюдың қосымша әдісі ғана және пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы шешім.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17621155_218:0:2947:2047_1920x0_80_0_0_6fde311a7178e7c994ecb92a4f8b24d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электрондық үкімет
QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды
11:57 30.11.2022 (жаңартылды: 09:34 09.08.2023) АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. QR-код арқылы қол қою тәсілі енгізілгеннен кейін электронды цифрлық қолтаңба жойылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Министрліктің айтуынша, QR-код электронды цифрлық қолтаңбаны толығымен алмастыра алмайды.
"QR-кодпен құжаттарға қол қою – бұл смартфон иелеріне құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Бұл "EGOV Mobile" мобильді қосымшасы арқылы ЭЦҚ технологиясымен қол қою үшін құжатқа жылдам және оңай қол жеткізуге болады", - деп түсіндірді министрлік.
Қолданушылар браузердегі QR-кодты телефондағы Egov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеу керек.
Egov Mobile-ге пин-кодты енгізу немесе биометриялық деректер: саусақ ізі, көз қарашығы, бет-әлпетті тану арқылы қол қоюға ұсынылған деректерді оқу керек.
Басқаша айтқанда, QR қол қою – бұл құжаттарға қол қоюдың қосымша әдісі ғана және пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы шешім.