https://sputnik.kz/20221130/qantar-oqigasy-kamaz-ben-askerilerdi-basqan-er-adam-sottaldy-29860574.html
Қаңтар оқиғасы: КамАЗ-бен әскерилерді басқан ер адам сотталды
Қаңтар оқиғасы: КамАЗ-бен әскерилерді басқан ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде КамАЗ-бен әскерилерді... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T10:05+0500
2022-11-30T10:05+0500
2022-11-30T10:05+0500
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/344/55/3445507_0:207:2905:1841_1920x0_80_0_0_5d5c32adb71090c9520d250352c47666.jpg
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде КамАЗ-бен әскерилерді басқан ер адамға қатысты үкім шығарды.Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы 5 қаңтарда сауда үйінің алдындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Одан кейін әскери қызметшіге қарсы күш қолданып, КамАЗ маркалы әскери көлікті тартып алған. Ол әскери қызметшілерге жақындағанда газға кірпішті тіреп, көліктен секіріп кеткен. КамАЗ М. есімді әскери қызметшіні басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.Сотталушының кінәсі бейнежазбамен, сондай-ақ сот-медициналық сараптамамен дәлелденді. Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы – жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу және терроризм актісін жасау бойынша іс қозғалған болатын.Прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Марқұмның туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Ал сотталушының адвокаттары оны ақтауды өтінді.Сотталушы жасаған әрекет ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Алайда судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды да ескерді. Осылайша, КамАЗ-бен адам өлтірген сотталушы 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан екі тарап та жоғары тұрған инстанцияға арыз түсіре алады.
https://sputnik.kz/20221128/qantar-oqigasy-zhanseyit-tuymebaev-uly-kudikti-29800665.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/344/55/3445507_86:0:2817:2048_1920x0_80_0_0_7930590fc19d4fd321824fe76e960aeb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы
Қаңтар оқиғасы: КамАЗ-бен әскерилерді басқан ер адам сотталды
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде КамАЗ-бен әскерилерді басқан ер адамға қатысты үкім шығарды.
Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы 5 қаңтарда сауда үйінің алдындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Одан кейін әскери қызметшіге қарсы күш қолданып, КамАЗ маркалы әскери көлікті тартып алған. Ол әскери қызметшілерге жақындағанда газға кірпішті тіреп, көліктен секіріп кеткен. КамАЗ М. есімді әскери қызметшіні басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Сотталушының кінәсі бейнежазбамен, сондай-ақ сот-медициналық сараптамамен дәлелденді. Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы – жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу және терроризм актісін жасау бойынша іс қозғалған болатын.
Прокурор сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Марқұмның туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Ал сотталушының адвокаттары оны ақтауды өтінді.
Сотталушы жасаған әрекет ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Алайда судья жазаны жеңілдететін мән-жайларды да ескерді. Осылайша, КамАЗ-бен адам өлтірген сотталушы 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан екі тарап та жоғары тұрған инстанцияға арыз түсіре алады.