https://sputnik.kz/20221130/prezidenttik-olimpiada-zhuldegerleri-zhogary-oqu-ornynda-tegin-oqidy-29822861.html
Президенттік олимпиада жүлдегерлері жоғары оқу орнында тегін оқиды
Президенттік олимпиада жүлдегерлері жоғары оқу орнында тегін оқиды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Президенттік олимпиада жүлдегерлері жоғарғы оқу орнына грант алады. Бүгінде 192 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне өтті... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T07:01+0500
2022-11-30T07:01+0500
2023-08-09T16:03+0500
студенттер
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_0:113:3239:1935_1920x0_80_0_0_511a5473bfe4961bc033120a9caa5b2e.jpg
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Президенттік олимпиада жүлдегерлері жоғарғы оқу орнына грант алады. Бүгінде 192 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне өтті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысады. Жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті сияқты жоғарғы оқу орындарына грант алады.Олимпиаданың үшінші кезеңі 29 қарашадан 2 желтоқсанға дейінгі аралықта академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және грантқа ие болады.Былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиада жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті жеңімпаздарға 9 грант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 грант бөлді.Олимпиаданың жабылу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2022 жылдың 2 желтоқсанында өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_254:0:2985:2048_1920x0_80_0_0_ac0b277e600f487c28d4d63b04775260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, олимпиада ойындары
студенттер, олимпиада ойындары
АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Президенттік олимпиада жүлдегерлері жоғарғы оқу орнына грант алады. Бүгінде 192 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне өтті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысады. Жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті сияқты жоғарғы оқу орындарына грант алады.
Олимпиаданың үшінші кезеңі 29 қарашадан 2 желтоқсанға дейінгі аралықта академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді.
"Олимпиаданың бірінші кезеңіне 3 мыңға жуық оқушы қатысты. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша жарысқа түсті. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алады", - деді ҚР оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және грантқа ие болады.
Былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиада жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті жеңімпаздарға 9 грант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 грант бөлді.
Олимпиаданың жабылу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2022 жылдың 2 желтоқсанында өтеді.