Парижде жоғары оқу орындарының қазақ-француз форумы өтті

© Photo : РixabayПодписание документов
Подписание документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысының Францияға сапары аясында бүгін Парижде жоғары оқу орындарының 7-ші қазақ-француз форумы өтті. Жиын барысында осы елдің Еуропа және сыртқы істер министрімен жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық жайлы Декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Бұл құжат екі елдің өзара тәжірибе алмасуына, жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру, ғылыми зерттеулер салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Декларация шеңберінде экономиканың басым бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары мен қос дипломдық бағдарламаларды іске асыруды қолдау, Қазақстанда инженерлік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын Француз жоғары оқу және ғылыми-зерттеу мекемесінің филиалын ашу; жаңа француз жоғары оқу орындарын "Болашақ" стипендиялық бағдарламасының ұсынылатын университеттер тізіміне қосу сынды тағы басқа бірқатар жобалар жүзеге асырылады.
Сондай-ақ академиялық және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы шеңберінде екі ел арасында студент, оқытушы, зерттеуші және маман алмасады.
"Бұл құжаттың арқасында біз ғылым және жоғары білім саласындағы қазақстан-француз қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтердік деп ойлаймын. Біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі елдеріміздің дамуына елеулі серпін беретініне және Қазақстан мен Франция халықтарының мүддесі үшін қызмет ететініне сенімдімін", - деді министр.
Белгіленген жоспарларды жүзеге асыру үшін ғылым және жоғары білім министрлігінің және Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылады.
Жаңалықтар
0