https://sputnik.kz/20221130/oligarkh-klebanov-ekibastuz-zheo-ny-memleketke-1-tengege-satqysy-keledi-29866617.html
Олигарх Клебанов Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді
Олигарх Клебанов Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді. Бұл... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T11:38+0500
2022-11-30T11:38+0500
2022-11-30T12:07+0500
екібастұз
депутат
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29861181_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_8091f8748bccfe68b24ed34df55f8868.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат күні кеше ғана Екібастұз қаласынан оралды. Мәжіліс кулуарында журналистер Сайыровтан олигарх Клебановпен кездестіңіз бе деп сұрады.Алайда Қазақстан билігі оған келіспеген."Біз олай болмайды деп айттық. Ең алдымен кәсіпорынды иелікке алған кезде тозу деңгейі қандай, қазір қандай, сол айырманы анықтап, соны төлеуді талап еттік. Екіншіден, қазір Қазақстан халқы қиналып жатыр. Сондықтан олар Екібастұз халқына моралдық шығын төлеуі керек", - деді мәжілісмен.Осы орайда БАҚ өкілдері Клебанов жылу орталығын жөндеп, халыққа шығын төлеуге келісті ме деп сұрады."Ол жерде біраз пікірталас болды. Соңында әркім өз пікірінде қалды. Менің ойымша, бұл мәселе үкімет деңгейінде шешіледі. Егер құқық қорғау органдары заңбұзушылық тапса, шығынды өтеу туралы мәселе көтеріледі", - деді Сайыров.27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалды. Ертесіне қалада төтенше жағдай жарияланды.Айта кетері, олигарх Александр Клебанов – "Екібастұзжылуэнергия" ЖШС құрылтайшысы.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29861181_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_f346e5e8a82ce88e6ff08aadf670ceaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, депутат
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат күні кеше ғана Екібастұз қаласынан оралды. Мәжіліс кулуарында журналистер Сайыровтан олигарх Клебановпен кездестіңіз бе деп сұрады.
"Иә, екі күн бұрын әкімшілікте жиналыс болды. Оған Клебанов та қатысты. Сол кезде біз бүкіл сұрақты сол кісіге қойдық. Ол бізге оны (Екібастұз ЖЭО) 1 теңгеге мемлекетке сатуға дайынбыз деді", - деді Сайыров мәжіліс кулуарында.
Алайда Қазақстан билігі оған келіспеген.
"Біз олай болмайды деп айттық. Ең алдымен кәсіпорынды иелікке алған кезде тозу деңгейі қандай, қазір қандай, сол айырманы анықтап, соны төлеуді талап еттік. Екіншіден, қазір Қазақстан халқы қиналып жатыр. Сондықтан олар Екібастұз халқына моралдық шығын төлеуі керек", - деді мәжілісмен.
Осы орайда БАҚ өкілдері Клебанов жылу орталығын жөндеп, халыққа шығын төлеуге келісті ме деп сұрады.
"Ол жерде біраз пікірталас болды. Соңында әркім өз пікірінде қалды. Менің ойымша, бұл мәселе үкімет деңгейінде шешіледі. Егер құқық қорғау органдары заңбұзушылық тапса, шығынды өтеу туралы мәселе көтеріледі", - деді Сайыров.
27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалды. Ертесіне қалада төтенше жағдай жарияланды.
Айта кетері, олигарх Александр Клебанов – "Екібастұзжылуэнергия" ЖШС құрылтайшысы.