https://sputnik.kz/20221130/grekiyada-qazaqstandyq-almaga-arnalgan-eskertkish-ornatyldy-29886008.html
Грекияда қазақстандық алмаға арналған ескерткіш орнатылды
Грекияда қазақстандық алмаға арналған ескерткіш орнатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Грекияның Ахарне қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдық мерейтойына арналған ескерткіш... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T14:49+0500
2022-11-30T14:49+0500
2022-11-30T14:49+0500
грекия
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29885765_0:147:757:573_1920x0_80_0_0_9cadf4e3ff8acdf9da78abeddd5d0ab3.jpg
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Грекияның Ахарне қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдық мерейтойына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Онда Сиверс алмасы бейнеленген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап. Ескерткіште қазақстандық алманы Грекияда бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып саналатын зәйтүн бұтағы орап тұр. Ерекше мүсін қоладан құйылды. Оны Қазақстаннан көшіп барған кәсіпкерлер Иоаннис пен Константин Петридистердің демеушілігімен жасап шығарды. Олар тарихи отанында "DKG Development" компаниясының негізін қалады. Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан Ахарне қаласында 30 мыңнан астам қазақстандық гректер тұрады. Қала басшысы Спиридон Вреттос ескерткішті орнатуға бірден қолдау білдірді. Ал жергілікті кеңес депутаттары оған орталықтан орын беруге бірауыздан шешім шығарды. Ескерткіш қалалық әкімдік ғимаратына тура қарама-қарсы жерде тұр.
грекия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29885765_0:76:757:644_1920x0_80_0_0_8bef2e1faf45a25c0aa0a004a66621eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грекия, ескерткіш
Грекияда қазақстандық алмаға арналған ескерткіш орнатылды
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Грекияның Ахарне қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдық мерейтойына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Онда Сиверс алмасы бейнеленген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ескерткіште қазақстандық алманы Грекияда бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып саналатын зәйтүн бұтағы орап тұр. Ерекше мүсін қоладан құйылды. Оны Қазақстаннан көшіп барған кәсіпкерлер Иоаннис пен Константин Петридистердің демеушілігімен жасап шығарды. Олар тарихи отанында "DKG Development" компаниясының негізін қалады.
Грекия астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан Ахарне қаласында 30 мыңнан астам қазақстандық гректер тұрады. Қала басшысы Спиридон Вреттос ескерткішті орнатуға бірден қолдау білдірді.
Ал жергілікті кеңес депутаттары оған орталықтан орын беруге бірауыздан шешім шығарды. Ескерткіш қалалық әкімдік ғимаратына тура қарама-қарсы жерде тұр.