https://sputnik.kz/20221130/frantsiyanyn-total-eren-kompaniyasy-qazaqstanda-zhel-parkin-salady-29898921.html
Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанда жел паркін салады
Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанда жел паркін салады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 қараша - Sputnik. "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады. 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T17:48+0500
2022-11-30T17:48+0500
2022-11-30T17:48+0500
франция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/856/28/8562894_0:0:3264:1836_1920x0_80_0_0_53db25c2ef32d87356042a54b5bf6ebe.jpg
АЛМАТЫ, 30 қараша - Sputnik. "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады.Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне мемлекет басшысы қатысты.Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар.Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жобаны бірегейлігін көрсетеді. Аталған бастама жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
франция
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/856/28/8562894_408:0:2856:1836_1920x0_80_0_0_31480e06cd7ee849b8d2c3390f36b234.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, қазақстан
Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанда жел паркін салады
АЛМАТЫ, 30 қараша - Sputnik. "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады.
Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне мемлекет басшысы қатысты.
Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар.
Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жобаны бірегейлігін көрсетеді. Аталған бастама жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.