Екібастұзға екі министр барды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылуда
Екібастұзда жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылуда - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Екібастұзға премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған делегация барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жедел штабтың отырысын өткізді. Оған төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, "ОАЭК" АҚ акционерлері, "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС құрылтайшылары қатысты.
29 қараша сағат 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта беріледі. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С.
Жеткізу желілері қатып қалған 59 көп пәтерлі тұрғын үйдің 22-сінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр.
Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.
Жаңалықтар
0