https://sputnik.kz/20221130/ekibastuzdagy-apat-boyynsha-qylmystyq-is-qozgaldy-29896808.html
Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды
Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T17:03+0500
2022-11-30T17:03+0500
2022-11-30T17:03+0500
екібастұз
апат
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29861181_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_8091f8748bccfe68b24ed34df55f8868.jpg
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.Апат салдарынан ондаған көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Жүздеген адам, соның ішінде балалар қауіпсіз жерге шығарылды. Мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Ал балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. "Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды", - дейді прокурорлар.Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырыратын процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды. Ал тергеу шаралары облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29861181_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_f346e5e8a82ce88e6ff08aadf670ceaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, апат
Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы апат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
"Бүгін Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - делінген ресми хабарламада.
Апат салдарынан ондаған көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Жүздеген адам, соның ішінде балалар қауіпсіз жерге шығарылды. Мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Ал балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.
"Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды", - дейді прокурорлар.
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырыратын процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды. Ал тергеу шаралары облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.