https://sputnik.kz/20221130/baytaq-partiyasy-memlekettik-tirkeuden-otti-29879671.html
"Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті
"Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. "Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай мәлімдеді, деп хабарлайды... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T13:43+0500
2022-11-30T13:43+0500
2022-11-30T13:45+0500
партия
экология
https://sputnik.kz/img/141/64/1416479_40:0:3272:1818_1920x0_80_0_0_dec01bdfca183e883119aa933d860f4f.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. "Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жасылдар партиясы қоршаған орта мен экология мәселелеріне басымдық бермекші. Бұған дейін Атырау қаласы мен Атырау облысында, соның ішінде Жылыой ауданының аумағындағы бірқатар экологиялық заң бұзушылықты алдын алуға үндеген. Бейбітшілік шеруін өткізді."Талай жыл осы партияны құрсақ деп табанымызды тоздырып жүгірдік. Қоғамдағы айтулы мәселелерге үн қостық. Қордалы тірліктерді шешуге тырыстық. Ел экологиясын жақсартуға сеп болдық. Енді міне соның нәтижесі көріне бастады", - деп жазды Әміртай әлеуметтік желідегі парақшасында."Байтақ" партиясының өкілдері мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысуға мүдделі."Енді бізге әр облыста партияның бөлімшелерін ашып, алда болатын мәжіліс пен мәслихаттың сайлауына даярлықты бастап кету керек. Өйткені партия мықты әрі сөзі өтімді болуы үшін мінбер керек. Ол мінбер – парламент. Қатарымызға елге танымал, білімді, білікті азаматтар қосылып жатса құба-құп болар еді. Ұлт мүддесін, ел тағдырын бірлесе шешкенге не жетсін!", - деп атап өтті партия жетекшісі.Ертең, 1 желтоқсанда партия өкілдері Астанада баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/141/64/1416479_444:0:2868:1818_1920x0_80_0_0_3b1caefaba313dd94cd12fe614d84024.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, экология
"Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті
13:43 30.11.2022 (жаңартылды: 13:45 30.11.2022) АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. "Байтақ" партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жасылдар партиясы қоршаған орта мен экология мәселелеріне басымдық бермекші. Бұған дейін Атырау қаласы мен Атырау облысында, соның ішінде Жылыой ауданының аумағындағы бірқатар экологиялық заң бұзушылықты алдын алуға үндеген. Бейбітшілік шеруін өткізді.
"Талай жыл осы партияны құрсақ деп табанымызды тоздырып жүгірдік. Қоғамдағы айтулы мәселелерге үн қостық. Қордалы тірліктерді шешуге тырыстық. Ел экологиясын жақсартуға сеп болдық. Енді міне соның нәтижесі көріне бастады", - деп жазды Әміртай әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Байтақ" партиясының өкілдері мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысуға мүдделі.
"Енді бізге әр облыста партияның бөлімшелерін ашып, алда болатын мәжіліс пен мәслихаттың сайлауына даярлықты бастап кету керек. Өйткені партия мықты әрі сөзі өтімді болуы үшін мінбер керек. Ол мінбер – парламент. Қатарымызға елге танымал, білімді, білікті азаматтар қосылып жатса құба-құп болар еді. Ұлт мүддесін, ел тағдырын бірлесе шешкенге не жетсін!", - деп атап өтті партия жетекшісі.
Ертең, 1 желтоқсанда партия өкілдері Астанада баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.