https://sputnik.kz/20221130/aqtau-sotynyn-gimaratynda-eski-ulgidegi-eltanba-ilingen-29899036.html
Ақтау сотының ғимаратында ескі үлгідегі Елтаңба ілінген
Ақтау сотының ғимаратында ескі үлгідегі Елтаңба ілінген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Желі қолданушылары Ақтауда қалалық сот ғимаратында ескі Елтаңба әлі күнге дейін ілініп тұрғанын байқаған. 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T20:13+0500
2022-11-30T20:13+0500
2023-08-10T16:53+0500
елтаңба
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777490_0:221:3067:1946_1920x0_80_0_0_c2d66886bcaac1da0fdc37796188f1e1.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Желі қолданушылары Ақтауда қалалық сот ғимаратында ескі Елтаңба әлі күнге дейін ілініп тұрғанын байқаған. Заңгер Айжамал Мыңжасар осыған назар аударып, Ақтау сотының ғимаратында ескі елтаңба ілініп тұрғанын және мемлекеттік рәмізді 2022 жылдың қаңтарына дейін жаңасына ауыстыру керек болғанын айтты. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Соттағылар биылғы жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында облыстық сот ғимараттарына елтаңба сатып алу туралы хабарлама бірнеше рет жарияланғанын мәлімдеді. Бірақ нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты елтаңбаны сатып алу кейінірек жүзеге асырылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілердегі ақпараттан кейін елтаңба ауыстырылады. Сондай-ақ, соттағылар қосымша кемшіліктер жойылғаннан кейін фотоесеп жолданатынын айтты. Еске салсақ, 2018 жылдың қыркүйегінде ғылыми-техникалық комиссия еліміздің мемлекеттік елтаңбасының жаңартылған стандартын бекітті. Қазір мемлекеттік рәмізде QAZAQSTAN сөзін қолданады. Тиісті өзгерістер "Мемлекеттік рәміздер туралы" заңға енгізіліп, құжат 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енді. Бұрын дайындалған мемлекеттік елтаңбаларды жаңасына ауыстыруға болатын өтпелі кезең алдымен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін деп белгіленді. Кейінірек ол тағы бір жылға, яғни, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Содан кейін өтпелі кезең кезекті рет 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777490_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_8de8729c263d2b83c96e4df435559b54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елтаңба, ақтау
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Желі қолданушылары Ақтауда қалалық сот ғимаратында ескі Елтаңба әлі күнге дейін ілініп тұрғанын байқаған.
Заңгер Айжамал Мыңжасар осыған назар аударып, Ақтау сотының ғимаратында ескі елтаңба ілініп тұрғанын және мемлекеттік рәмізді 2022 жылдың қаңтарына дейін жаңасына ауыстыру керек болғанын айтты.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Соттағылар биылғы жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында облыстық сот ғимараттарына елтаңба сатып алу туралы хабарлама бірнеше рет жарияланғанын мәлімдеді. Бірақ нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты елтаңбаны сатып алу кейінірек жүзеге асырылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желілердегі ақпараттан кейін елтаңба ауыстырылады.
"Бүгін жұмыс уақыты аяқталғанда, яғни адамдардың Ақтау қалалық сотының ғимаратына кіру-шығуы тоқтағаннан кейін мемлекеттік рәміздер жаңасына ауыстырылады. Бейнежазба авторына мұқияттылығы үшін алғыс айтамыз", - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, соттағылар қосымша кемшіліктер жойылғаннан кейін фотоесеп жолданатынын айтты.
Еске салсақ, 2018 жылдың қыркүйегінде ғылыми-техникалық комиссия еліміздің мемлекеттік елтаңбасының жаңартылған стандартын бекітті. Қазір мемлекеттік рәмізде QAZAQSTAN сөзін қолданады. Тиісті өзгерістер "Мемлекеттік рәміздер туралы" заңға енгізіліп, құжат 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енді.
Бұрын дайындалған мемлекеттік елтаңбаларды жаңасына ауыстыруға болатын өтпелі кезең алдымен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін деп белгіленді. Кейінірек ол тағы бір жылға, яғни, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Содан кейін өтпелі кезең кезекті рет 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.