https://sputnik.kz/20221130/aqordaga-bet-aldy-iim-astanadagy-zansyz-mitinginin-man-zhayyn-bolisti----29863727.html
"Ақордаға бет алды": ІІМ Астанадағы заңсыз митингінің мән-жайын бөлісті
"Ақордаға бет алды": ІІМ Астанадағы заңсыз митингінің мән-жайын бөлісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. 26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингіге үш жүзге жуық адам жиналған. Арасында басқа өңірлердің тұрғындары да бар. Бұл туралы... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T11:00+0500
2022-11-30T11:00+0500
2022-11-30T11:00+0500
митинг
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29763435_0:192:1280:912_1920x0_80_0_0_f8331909133ed3bf03641792f338a527.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. 26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингіге үш жүзге жуық адам жиналған. Арасында басқа өңірлердің тұрғындары да бар. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Көшеге үш жүзге жуық адам шықты. Бір жарым сағаттан кейін Ақордаға қарай бару туралы үндеу басталды. Шеруде митингінің барлық дерлік белгісі болды. Біз олардың қандай талап қоятынын күткен жоқпыз. Өйткені заңсыз шеру әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Сол себепті оларды тоқтатуға мәжбүр болдық", - деді Лепеха мәжіліс кулуарында.Барлығы 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Арасында ұйымдастырушы Марат Абиев те бар. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Лепеханың айтуынша, заңсыз шеруге басқа өңірлердің тұрғындары да келген.Бұл ретте ішкі істер министрінің орынбасары сол күні Астанада интернеттің жоғалуына митингінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29763435_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_64bd8565ab32331c46db6e736eae795e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг
"Ақордаға бет алды": ІІМ Астанадағы заңсыз митингінің мән-жайын бөлісті
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. 26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингіге үш жүзге жуық адам жиналған. Арасында басқа өңірлердің тұрғындары да бар. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Көшеге үш жүзге жуық адам шықты. Бір жарым сағаттан кейін Ақордаға қарай бару туралы үндеу басталды. Шеруде митингінің барлық дерлік белгісі болды. Біз олардың қандай талап қоятынын күткен жоқпыз. Өйткені заңсыз шеру әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Сол себепті оларды тоқтатуға мәжбүр болдық", - деді Лепеха мәжіліс кулуарында.
Барлығы 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Арасында ұйымдастырушы Марат Абиев те бар. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Лепеханың айтуынша, заңсыз шеруге басқа өңірлердің тұрғындары да келген.
Бұл ретте ішкі істер министрінің орынбасары сол күні Астанада интернеттің жоғалуына митингінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.