https://sputnik.kz/20221130/almaty-oblysynda-eki-auyldyn-turgyndary-zhylusyz-qaldy-29865630.html
Алматы облысында екі ауылдың тұрғындары жылусыз қалды
Алматы облысында екі ауылдың тұрғындары жылусыз қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев және Қасымбек ауылының тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T12:25+0500
2022-11-30T12:25+0500
2022-11-30T12:25+0500
жылу
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:275:2833:1869_1920x0_80_0_0_c3f95452be50afa4a4b4f881912ec31b.jpg
АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев және Қасымбек ауылының тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ауыл тұрғындарының айтуынша, жылу екі аптадан бері жоқ. Үнемі қайталанатын бұл проблема тұрғындарды әбден мезі еткен."Балалар ауырып, сабаққа барудан қалды. Не дұрыстап жуына алмаймыз, не жылына алмаймыз. Бұл мәселе түбегейлі қашан шешіледі", - дейді тұрғындар.Жылудың болмауына газ қазандығының істен шығуы себеп болған. Ауданның газына жауапты "Тәуекел газ" ЖШС қосымша газ таратқыш шкафтар орнатқан. 28-29 қарашада газдың жұмыс қысымын өлшей отырып, абоненттерге көшеде тексеру жүргізген. Магистральдарды тексеру кезінде конденсаттың пайда болғаны анықталған.Ал жергілікті билік бұл проблеманы шешу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатқанын айтады."Негізі мүлде газ жоқ емес, қысым төмендеген. Әр үйде әр түрлі жағдай. Бүгін 9:00-7:00 аралығында газ өшіріліп, құбырдың бітелген жері анықталып жатыр. Барлық мүмкіндікті қолданып жатырмыз, бұл проблема аудан әкімінің тікелей бақылауында", - дейді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_eb234416c8871e520b450b5b9254eee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, алматы облысы
Алматы облысында екі ауылдың тұрғындары жылусыз қалды
АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев және Қасымбек ауылының тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жылу екі аптадан бері жоқ. Үнемі қайталанатын бұл проблема тұрғындарды әбден мезі еткен.
"Балалар ауырып, сабаққа барудан қалды. Не дұрыстап жуына алмаймыз, не жылына алмаймыз. Бұл мәселе түбегейлі қашан шешіледі", - дейді тұрғындар.
Жылудың болмауына газ қазандығының істен шығуы себеп болған. Ауданның газына жауапты "Тәуекел газ" ЖШС қосымша газ таратқыш шкафтар орнатқан. 28-29 қарашада газдың жұмыс қысымын өлшей отырып, абоненттерге көшеде тексеру жүргізген. Магистральдарды тексеру кезінде конденсаттың пайда болғаны анықталған.
"Ақауды жою үшін 30 қарашада сағат 9.00-17.00 аралығында "Тәуекел газ" ЖШС пайдаланушы ұйымы Үмбеталы ауылынан Мыңбаев ауылының соңғы нүктесіне дейінгі орташа қысымды құбырларды үрлейді. Халыққа газды өшіру туралы хабарланды", - делінген Жамбыл ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Ал жергілікті билік бұл проблеманы шешу үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатқанын айтады.
"Негізі мүлде газ жоқ емес, қысым төмендеген. Әр үйде әр түрлі жағдай. Бүгін 9:00-7:00 аралығында газ өшіріліп, құбырдың бітелген жері анықталып жатыр. Барлық мүмкіндікті қолданып жатырмыз, бұл проблема аудан әкімінің тікелей бақылауында", - дейді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.