Жүлде қоры – 1 млн теңге: "Есірткісіз әлем" байқауы жарияланды

© Photo : Dean MoriartyСмартфон
Смартфон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы "Есірткісіз әлем" атты байқау жариялады, деп хабарлайды жастар саясаты басқармасының баспасөз қызметі.
Қатысушылардың жас санаты 13 пен 35 жас аралығында болу керек.
Байқау талабы бойынша есірткінің алдын алу тақырыбында 30 секундтан бес минутқа дейін қазақ немесе орыс тілінде бейнеролик түсіруі қажет.
Түсірілім сапасы, сценарий мен сюжет әртүрлі болуы мүмкін, жалғыз талап – байқау тақырыбын аша білу. Кәсіби бейнекамераға түсіру шарт емес, ұялы телефонға да түсіруге болады.
Жалпы жүлде қоры – 1 000 000 теңге:
1-орын – 300 000 теңге
2-орын – 200 000 теңге
3-орын – 100 000 теңге
4-орын –50 000 теңге
5-орын – 50 000 теңге
6–9-орын – 25 000 теңге
10–14-орын – 20 000 теңге
15–24-орын – 10 000 теңге
Өтінімдерді қабылдау 15 желтоқсанда аяқталады. Барлық сұрақ бойынша +7 (747) 908-17-72 телефонына хабарласу керек.
Жаңалықтар
0