Саясат

Тоқаев Франция президентімен келіссөз жүргізді

© PhotoТоқаев пен Макрон
Тоқаев пен Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Парижге ресми сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөзге дейін Елисей сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келуге шақырғаны және Қазақстан президенті лауазымына қайта сайлануына орай құттықтағаны үшін Эмманюэль Макронға алғыс айтты.
© PhotoЕлисей сарайында Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
 Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл в Елисейский дворец, где его встретил президент Франции Эмманюэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Елисей сарайында Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы

Франция 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 17 миллиард доллар инвестиция құйып, ең ірі бес инвестор елдің қатарына кірді. Соңғы 9 айда екіжақты тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Францияның Орталық Азия елдерімен жасаған сауда-саттығының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі. Екі мемлекет энергетика, тау-кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, аэроғарыш, машина жасау, денсаулық сақтау және тамақ өнеркәсібі салаларында тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді.
Қазақстанда 170-тен астам франциялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында экономикамыздың жетекші инвесторлары саналатын Total Energies, Air Liquide, Airbus, Alstom, Orano және Danone секілді компаниялар бар. Былтыр елдеріміз Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі жол картасын бекітті.
© PhotoЕлисей сарайында Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
 Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл в Елисейский дворец, где его встретил президент Франции Эмманюэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Елисей сарайында Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыру үдерісі жөнінде айтты.
Эмманюэль Макрон Қазақстан Францияның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Энергетика саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еуропалық Одақ Қазақстандағы түрлі жобаларға инвестиция салып келеді.

Француз тілінде оқытатын мектептер ашылады

2024 жылы Қазақстанда француз тілінде оқытатын жаңа мектептер ашылады. Бұл туралы кездесу барысында Франция президенті Эмманюэль Макрон айтты.
Сондай-ақ ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.
Тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде пікір алмасып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азия өңіріндегі жағдайды талқылады.
© PhotoТоқаев Макронды Қазақстанға шақырды
 Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл в Елисейский дворец, где его встретил президент Франции Эмманюэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Тоқаев Макронды Қазақстанға шақырды
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Жаңалықтар
0