https://sputnik.kz/20221129/tikeley-efirde-tukirgen-deputat-ayyppul-arqalady-29850819.html
Тікелей эфирде түкірген депутат айыппұл арқалады
Тікелей эфирде түкірген депутат айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Отандық телеарнаның тікелей эфирінде түкірген мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Павлодар облысының... 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T20:20+0500
2022-11-29T20:20+0500
2022-11-29T20:20+0500
депутат
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15160791_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3855330326e89ffa971d2c64f3e829dc.jpg
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Отандық телеарнаның тікелей эфирінде түкірген мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.Бұған дейін әлеуметтік желіде депутатты түкірген сәтінің видосы тараған еді. Ерлан Сайыровтың өзі бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады."Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда қатты аяз болды, далада тұрғандықтан, осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек”, - деді мәжілісмен Ерлан Сайыров.Өздеріңіз шығарған заң бойынша айыппұл төлесеңіз болды, деп қалжыңдады депутаттың оқырмандары.Ведомство хабарлауынша, Павлодар облыстық полиция департаменті желіде тараған видоны зерттеді. Нәтижесінде қоғамдық ортаны ластау фактісі бойынша азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15160791_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_43be16969e25eb221b88a19f29702e02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, айыппұл
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Отандық телеарнаның тікелей эфирінде түкірген мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.
Бұған дейін әлеуметтік желіде депутатты түкірген сәтінің видосы тараған еді. Ерлан Сайыровтың өзі бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады.
"Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда қатты аяз болды, далада тұрғандықтан, осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек”, - деді мәжілісмен Ерлан Сайыров.
Өздеріңіз шығарған заң бойынша айыппұл төлесеңіз болды, деп қалжыңдады депутаттың оқырмандары.
Ведомство хабарлауынша, Павлодар облыстық полиция департаменті желіде тараған видоны зерттеді. Нәтижесінде қоғамдық ортаны ластау фактісі бойынша азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.