https://sputnik.kz/20221129/qazfosfat-zauytyndagy-narazylyq-zhumysshylardyn-zhalaqysy-osedi-29819501.html
"Қазфосфат" зауытындағы наразылық: жұмысшылардың жалақысы өседі
"Қазфосфат" зауытындағы наразылық: жұмысшылардың жалақысы өседі
Sputnik Қазақстан
Компания басшылығы зауыт жұмысшылары көтерген мәселені шешуді бұған дейін жоспарлап қойған 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T10:01+0500
2022-11-29T10:01+0500
2022-11-29T10:01+0500
зауыт
жұмысшылар
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29819346_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_cd6e024964eeb466de593c54dd604c35.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Казфосфат" ЖШС қызметкерлерінің жалақысына 50 мың теңге, 1 шілдеден бастап тағы 30 мың теңгеқосылады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Осы жылдың 23 қарашасында "Қазфосфат" ЖШС-дегі наразылықтан кейін облыс басшылығының, тиісті мекемелердің және серіктестік қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылып, кездесулер өтті.Кездесулер барысында жұмысшылар тарапынан еңбек қатынастары бойынша 14 мәселе көтерілген. Олардың қатарында іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, айлықты көтеру, емдеу-сауықтыруға қаражат қарастыру, цехтардағы зиянды жұмыстар бойынша теңсіздікті қарастыру, арнайы жұмыс киімді мерзімінде ауыстыру және сапасын жоғарылату, жұмысшыларды тасымалдау орындарын ұлғайту, жақсы әрі сыйымды көліктермен қамту және тағы басқа мәселелер бар.Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, компания басшылығы бұл мәселелерді бұған дейін де назарға алып, орындауды жоспарлап отырған.Айта кетері, зауыт жұмысшыларының жалақысы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ке, 1 шілдесінен бастап 15%-ке өскен болса (орташа 216,5 мың теңге), 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы да 10%-ке және 1 шілдеде 10%-ке көтерілген. Бүгінгі күні орташа айлық көлемі 255,9 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар биылғы желтоқсан айында 13-ші айлық жалақы 100% көлемінде барлық қызметкерге беріледі.Бұдан бөлек, компания қызметкерлерін емдеу-сауықтыруға жіберу бойынша келесі жылдан бастап 4 шипажаймен келісімшарт жасалады. Қазіргі таңда "Казфосфат" ЖШС цехтарында зиянды жұмыстар бойынша өтемақы төленіп келеді. 2023 жылдан бастап барлық өндірісітік цех қайта аккредитациядан өтіп, заңнама талаптарына сәйкес цех жұмысшыларына зиянды жұмыс жағдайы бойынша өтемақы жаңадан бекітіледі.Алдағы уақытта зауыт жұмысшыларының арнайы киім және аяқ киімінің сапасы қайта қаралады. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтар айынан қосымша жаңа автобустармен жұмысшыларды тасымалдау мәселесі шешіледі. Осы және басқа да мәселелер жедел әрі кезең-кезеңімен шешу бойынша шаралар қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29819346_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_2e952acb50608cac9da2d7c3d27f88a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, жұмысшылар, жалақы
зауыт, жұмысшылар, жалақы
"Қазфосфат" зауытындағы наразылық: жұмысшылардың жалақысы өседі
Компания басшылығы зауыт жұмысшылары көтерген мәселені шешуді бұған дейін жоспарлап қойған
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Казфосфат" ЖШС қызметкерлерінің жалақысына 50 мың теңге, 1 шілдеден бастап тағы 30 мың теңгеқосылады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы жылдың 23 қарашасында "Қазфосфат" ЖШС-дегі наразылықтан кейін облыс басшылығының, тиісті мекемелердің және серіктестік қызметкерлерінен жұмысшы топ құрылып, кездесулер өтті.
Кездесулер барысында жұмысшылар тарапынан еңбек қатынастары бойынша 14 мәселе көтерілген. Олардың қатарында іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, айлықты көтеру, емдеу-сауықтыруға қаражат қарастыру, цехтардағы зиянды жұмыстар бойынша теңсіздікті қарастыру, арнайы жұмыс киімді мерзімінде ауыстыру және сапасын жоғарылату, жұмысшыларды тасымалдау орындарын ұлғайту, жақсы әрі сыйымды көліктермен қамту және тағы басқа мәселелер бар.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, компания басшылығы бұл мәселелерді бұған дейін де назарға алып, орындауды жоспарлап отырған.
"Жұмысшыларға іс-қағазды өздеріне қолайлы тілде ұсыну мәселесі қатаң бақылауға алынатын болды. Сонымен қатар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Казфосфат" ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 50 мың теңгеге, 1 шілдесінен бастап 30 мың теңгеге көтеріледі және 2024 жылдан бастап шынайы инфляция құнын ескере отырып, жалақы көлемі жыл сайын өседі", - делінген хабарламада.
Айта кетері, зауыт жұмысшыларының жалақысы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ке, 1 шілдесінен бастап 15%-ке өскен болса (орташа 216,5 мың теңге), 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы да 10%-ке және 1 шілдеде 10%-ке көтерілген. Бүгінгі күні орташа айлық көлемі 255,9 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар биылғы желтоқсан айында 13-ші айлық жалақы 100% көлемінде барлық қызметкерге беріледі.
Бұдан бөлек, компания қызметкерлерін емдеу-сауықтыруға жіберу бойынша келесі жылдан бастап 4 шипажаймен келісімшарт жасалады. Қазіргі таңда "Казфосфат" ЖШС цехтарында зиянды жұмыстар бойынша өтемақы төленіп келеді. 2023 жылдан бастап барлық өндірісітік цех қайта аккредитациядан өтіп, заңнама талаптарына сәйкес цех жұмысшыларына зиянды жұмыс жағдайы бойынша өтемақы жаңадан бекітіледі.
Алдағы уақытта зауыт жұмысшыларының арнайы киім және аяқ киімінің сапасы қайта қаралады. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтар айынан қосымша жаңа автобустармен жұмысшыларды тасымалдау мәселесі шешіледі. Осы және басқа да мәселелер жедел әрі кезең-кезеңімен шешу бойынша шаралар қабылданады.