"Қазақстан аруы-2000" байқауына қатысқан актриса жұмбақ жағдайда қайтыс болды

© Photo : Рixabay/jbundgaaДевушка примеряет диадему, иллюстративное фото
Девушка примеряет диадему, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қараша - Sputnik. "Қазақстан аруы-2000" байқауына қатысқан "Луна" театрының актрисасы Наталья Семаго кенеттен қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін БАҚ-та Семагоның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ екені айтылған.
"Себептерін әлі білмейміз, денесінде қан ұюы да мүмкін. Сот сараптамасының қорытындысын күтеміз", - деді театрдағылар.
"Луна" театры жерлеу рәсімін өздері атқаратынын айтты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше актрисаның денесін Мәскеу орталығындағы пәтерден баласы тапқан.
"Әйелдің өліміне қатысты қылмыс фактісі жоқ", - деді агенттік.
Жаңалықтар
0