Иран мен Қытайдағы наразылықтар артында кім тұр

© AFP 2024 / Andrew Caballero-ReynoldsНациональные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне
Национальные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
Ресей мен Батыс текетіресінде ерте ме, кеш пе, Еуропа мен англосаксондар арасында жік пайда болады деген болжам көп айтылып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Батыс Ресейді тежеуге бағытталған қақтығыстан бас тартатын түрі жоқ. Ол соғыстың тек пішіні және түрі өзгеруі мүмкін. Мысалы, әскери қақтығыс пен экономикалық қыспақтың ара қатынасы біріншісінен екіншісіне қарай ығысуы ықтимал. Сондықтан Ресей ұзақ мерзімді қақтығысқа дайын болуы керек. Себебі, орның қарсыласы ешқайда жоғалып кетпейді және әлсіремейді.
"Негізінен, Ресейге қарсы күрестегі негізгі қозғаушы күш – англосаксондар да осы ұстанымды берік негізге алуы керек. Өйткені, олар Ресей кері шегінбейтінін, брілмейтінін және Украинадан және атлантикалық әлемдік тәртіпті бұзудан бас тартпайтынын түсінулері қажет", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, Ресей Украинада қандай да бір күтпеген оқиғаларға байланысты жеңіліп қалуы мүмкін деген сенім Батыста өте кең таралған. Халық арасындағы толқулар, төңкеріс, яғни жүз жыл бұрын соғыстағы жеңіліс пен ұлттық апатта әкелгеннің бәрі бұл жоспардың мінсіз нұсқасы болар еді. Батыста Ресейдегі жағдай осылай өрбитініне сенетіндер аз. Бірақ олар осы бағытта жұмыс істеуге тырысып жатыр.
Дегенмен, Батыста орыс халқын жаппай наразылыққа итермелеудің әлдеқайда сенімді жолы Ресейдің экономикалық оқшаулануы болып табылады деп санайды. Оқшаулау экономикалық проблемалар, өмір сүру деңгейінің төмендеуін, экономиканың құлдырауын және майдандағы жеңілісті тудыруы керек. Ал жеңіліс ішкі дағдарыс пен биліктің капитуляцияға қол қоюға дайын тұлғалармен алмастырылуына әкеледі.
"Бірақ оқшаулау нәтиже бермей тұр. Тоғыз айда оған бүкіл әлемнің көзі жетті. Ресейде өнеркәсіп үшін маңызды құрамдас бөліктерді импорттауға тыйым салуға байланысты көптеген проблемалар бар, энергия тасымалдағыштар экспортын тоқтатуға мәжбүр. Бірақ әлі де сатып алушылар бар, ал шикізат бағасының әлемдік өсуі экспорттың төмендеуінің орнын толтырады. Әлем елдерінің көбісі Ресейді әлемдік экономикадан шегеріп тастағысы келмейтіндіктен , ол әлі де оқшаулауға төтеп бере алып отыр", - деп жазды автор.
Мақалада жазылғандай, батыстық емес әлемнің көпшілігі Ресейдің жеңіске жетуін көздейді. Себебі, олар батыстан кейінгі әлемдік тәртіпті құруды қалайды. Ал Батысқа қарсы шыққан Ресей бұл процесті жеделдетіп жатыр.
Бұл ретте батыстық емес әлемдік державалар Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыста әртүрлі позицияларды ұстанады: бірі ресейлік шикізатты сатып алумен шектеледі, бірі босаған ресейлік нарыққа кіргісі келеді, бірі Ресей мен Батыс арасындағы негізгі делдал болуға тырысады, бірі Ресейді әскери жеткізілімдермен қолдайды.
"Батыс үнемі жағдайды бақылап, белгілі бір елдерге қысым жасай алады. Өйткені ол әлі де өзі құрған әлемдік қаржы жүйесінің негізгі түйіндерін бақылауда ұстап отыр. Бірақ ол іс жүзінде кейбір елдерге қысым көрсете алмай, бар болғаны олардың Ресеймен саудасын қиындатады. Оның үстіне, бұл Қытай, Үндістан, Түркия, Иран сияқты негізгі мемлекеттер болып отыр", - деп жазды автор.
Оның пікірінше, осы аталған үш мемлекет – Қытай, Түркия, Иранда халық наразылығы артып, оның әлемдік маңызы бар мәселелер сипатында өрбуі кездейсоқ емес. Дегенмен, осы мемлекеттерде аяқ астынан төңкеріс болса, онда олар өз ұстанымдарын батыстық бағытта өзгертеді ме? Бұл екіталай. Себебі, үш мемлекетте де егемендікке қатысты берік ұстаным және сыртқы тараптың ықпалынсыз өз бетінше шешім қабылдау қуаты бар.
Қытайдағы наразылықтар биліктің ауысуы түгілі тіпті қандайда бір ауыр салдарға әкелуі екіталай: себебі, бұл толқулардың ауқымы өте шағын. Әрине, Аспан асты елінің тұрғындары ковидтік шектеулерден қатты мезі болды. Сондықтан наразылықтар болуының ықтималдылығы жоғары. Бірақ бұл ең алдымен саяси емес, ішкі наразылық және билікке ешқандай қауіп төндірмейді.
Ирандағы жағдай күрделірек. Себебі, мұнда ұлтаралық, ұрпақтық, әлеуметтік қайшылықтарды, тіпті дінге қарсы тақырыпты қозғау әрекеті бар. Бірақ, жалпы алғанда, Иран қоғамы айтарлықтай дамыған және оның тәуелсіз даму жолына түсуі күмән тудырмайды. Аятоллалардың билігіне елеулі қауіп жоқ және жалпы антиамерикалық және антибатыстық ұстаным сақталады.
Түркияда қоғамның діни және зайырлы болып бөлінуі бар. Бірақ Ердоғанның сеулярлық қарсыластарын батысшыл саясаткерлер деп санау дұрыс емес. Түркия өзінің ұлттық мүдделерін көбірек қорғайды. Сондықтан Ердоған сайлауда жеңілген күнде де елде еуропалық және антиресейлік бағытқа түбегейлі өзгерісі болмайды. Өйткені Түркия Ресеймен, сондай-ақ Иран және Қытаймен түрлі стратегиялық қарым-қатынастардан пайда көреді.
Олар Ресеймен екіжақты қарым-қатынас та, Ресей жеделдетіп жатқан әлемдік тәртіпті қайта құру да пайдалы. Сондықтан Батыс Ресейдің батыстық емес державалармен байланысын әлсірету арқылы Ресейге соққы беруді көздеуінің нәтиже бермейтіні белгілі.
Жаңалықтар
0