Интернет алаяқтар халықтың телефон нөмірлерін қайдан алады

© Photo : Pixabay / MimzyТелефон
Телефон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментіне қарасты киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай алаяқтардың телефон нөмірлерін қайдан алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алаяқтар адамның телефонын ғана емес, аты-жөнін де біліп жатады. Барлық ақпарат интернетте бар.
"Жеке мәліметтерді алудың сан алуан жолдары бар. Мысалы, біреулер фишингтік сілтемелер арқылы өтеді де, барлық жеке мәліметінен айырылып жатады. Сосын пандемия кезінде халық онлайн қызметтерді көп пайдаланды. Отандық сервистерге ғана емес, шетелдік қызметтерге де тапсырыс берді. Әсіресе, көрші мемлекеттердің сервистерін көп қолданды. Тамақты алу келу және тағысын тағы, сол кезде міндетті түрде телефон нөмірі және тағы басқа мәліметтер енгізіледі", - деді Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, шетелде онлайн қызмет көрсету жүйелеріне хакерлік шабуылдар жиі жасалады. Сол кезде адамдардың жеке мәліметтері ұрланады.
"Ұрланған деректер қоры "даркнет" деп аталады. Ол – хакерлердің жабық желісі. Олар сонда отырып, бір-біріне сатады. Сөйтіп, телефон нөмірлері алаяқтардың қолына түседі", - деп атап көрсетті Сүйінбай.
Осы орайда орталық басшысы тағы бір маңызды мәселені ерекше атап өтті. Желіде сан алуан жарнамалар тарағанда адамдар сайттарға өздері кіреді де, телефон нөмірін және аты-жөнін өздері жазып жатады. Оны да алаяқтар пайдаланып кетуі әбден мүмкін.
Жаңалықтар
0