https://sputnik.kz/20221129/elimizde-100-myn-reseylik-zhur--duysenova-29827592.html
Елімізде 100 мың ресейлік жүр – Дүйсенова
Елімізде 100 мың ресейлік жүр – Дүйсенова
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған дейін Ресейде жарияланған ішінара мобилизациядан кейін... 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T11:09+0500
2022-11-29T11:09+0500
2022-11-29T11:09+0500
тамара дүйсенова
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25401710_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_69d7d0179f4f81cc90dc5f8ef8f5dafc.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған дейін Ресейде жарияланған ішінара мобилизациядан кейін Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сондай-ақ, министрдің айтуынша, өткен жылдарды қоса алғанда қазір 22 мың еңбек мигранты Қазақстанда жұмыс істеп, зейнетақы жарнасын аударып жүр.Еске салсақ, биыл 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялап, тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Сол күннен бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзын-сонар кезек түзілді. Көрші елдің азаматтары жаппай біздің елге ағыла бастады. Соның салдарынан ірі қалаларда жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтап кетті.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25401710_141:0:2870:2047_1920x0_80_0_0_e286df2bff615acf610049ab4e478768.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тамара дүйсенова, ресей
Елімізде 100 мың ресейлік жүр – Дүйсенова
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған дейін Ресейде жарияланған ішінара мобилизациядан кейін Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз күн сайын алмасатын шұғыл деректер бойынша 400 мыңнан аса ресейлік Қазақстанға келді. 323 мыңнан астам ресейлік елден кетті. Әзірше, шамамен 100 мың ресейлік осында жүр", - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, өткен жылдарды қоса алғанда қазір 22 мың еңбек мигранты Қазақстанда жұмыс істеп, зейнетақы жарнасын аударып жүр.
Еске салсақ, биыл 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялап, тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Сол күннен бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзын-сонар кезек түзілді. Көрші елдің азаматтары жаппай біздің елге ағыла бастады. Соның салдарынан ірі қалаларда жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтап кетті.