Екібастұздағы апат: шығынға ұшыраған тұрғындар әкімдікке жүгінуге тиіс

© PhotoЕкібастұз
Екібастұз - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Екібастұз қаласының тұрғындары төтенше жағдай кезінде келген шығын бойынша әкімдікке өтінішпен жүгіне алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдіктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар Екібастұз қаласы әкімінің атына өтінішпен жүгіне алады. Хатта өтініш берушінің жеке мәліметтері (жеке куәліктің көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен зақымдану себебі көрсетілуі шарт.
Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін бірнеше мекенжайда қабылданады.
Олар:
17 орта мектеп – Рабочая көшесі 1 мекенжайы бойынша жылу пункті;
4 орта мектеп – Абай көшесі 84 ​​мекенжайы бойынша жылу пункті;
23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі 24 мекенжайы бойынша жылу пункті;
36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі 23 мекенжайы бойынша жылу пункті;
22 орта мектеп – Әуезов көшесі 54а мекенжайы бойынша жылу пункті;
21 орта мектеп – Петренко көшесі 7 мекенжайы бойынша жылу пункті;
"Өнер" МКК – Әуезов көшесі 62а мекенжайы бойынша жылу пункті;
музыкалық мектеп – Әуезов көшесі 55/1 мекенжайы бойынша жылу пункті.
"Сіздің өтінішіңізді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйіңізге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді", - дейді әкімдік мамандары.
Ал үйде батареяларды жібіту немесе жылу болмаған жағдайда әкімдіктің сенім телефонындары: +7(7187)740041, +77002997806, WhatsApp: 87013387624, +77076279332 бойынша хабарласу қажет.
Бұдан бөлек, 112-ге қоңырау шалуға болады.
Жаңалықтар
0