https://sputnik.kz/20221128/zhetisu-oblysynda-zhol-apatynan-bes-adam-koz-zhumdy-29779208.html
Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қараша – Sputnik. Алматы – Өскемен тас жолының 187 шақырымында бес көлік соқтығысты, деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті. 28.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-28T07:51+0500
2022-11-28T07:51+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/10/29390266_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_407e8d416dbb6671f04ea125104632f6.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қараша – Sputnik. Алматы – Өскемен тас жолының 187 шақырымында бес көлік соқтығысты, деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 26 қараша күні кешке Көксу ауданында болған. Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan Cefiro, Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты."Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған бірнеше адам медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Кейінірек дәрігерлер ауруханаға жатқызу кезінде тағы бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Ол оқиға орнынан Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілмек болған 7 жасар бала болып шықты."Қазір алты адам аудандық ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі жансақтау бөлімінде. Жеңілдеу жарақат алған үш науқас амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Науқастардың барлығының сүйегі сынған, көп жарақат алған", - деп хабарлады Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/10/29390266_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_730bf9a9ab7e179916bc4f947a61559d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қараша – Sputnik. Алматы – Өскемен тас жолының 187 шақырымында бес көлік соқтығысты, деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 26 қараша күні кешке Көксу ауданында болған. Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan Cefiro, Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты.
"Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған бірнеше адам медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейінірек дәрігерлер ауруханаға жатқызу кезінде тағы бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Ол оқиға орнынан Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілмек болған 7 жасар бала болып шықты.
"Қазір алты адам аудандық ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі жансақтау бөлімінде. Жеңілдеу жарақат алған үш науқас амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Науқастардың барлығының сүйегі сынған, көп жарақат алған", - деп хабарлады Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.