Түркістан облысында оқушы қыз жасөспірімді пышақтап өлтірді

© Sputnik / Тимур БатыршинКаждый нож в цеху бортовогопитания алматинского аэропорта имеет свой личный номер и выдается и сдается сотрудникам под роспись
Каждый нож в цеху бортовогопитания алматинского аэропорта имеет свой личный номер и выдается и сдается сотрудникам под роспись - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданында оқушы қыз бен жасөспірім арасындағы жанжал қайғылы аяқталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Түркістан облысы Шардара ауданы полиция бөлімінің 102 пультіне көшелердің бірінен ер баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция марқұмның Шардара қаласының тұрғыны екенін анықтады.
Оқушы қыз бен жасөспірім түнгі сағат 3.00 шамасында кездескен. Қыз өзімен бірге пышақ алып келген. Кездесу соңы жанжалға ұласып, қыз бозбалаға пышақ салған. Ер бала алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Күдікті оқушы қыз жасаған әрекетін толық мойындады.
"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім қыз қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға орнынан ас үй пышағы мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", - деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар
0