Түркістан облысында ер адам медицина қызметкерінен 2 млн теңге бопсалаған

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Жетісай ауданында медицина қызметкерінен екі млн теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық полиция бөліміне медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам оны қорқытып, екі млн теңге бопсалаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктіні 1,5 миллион теңгеге жуық ақшаны алған кезде ұстады. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты.
"Күдікті көрсетілген медициналық қызметке көңілі толмайтынын сылтауратып, медицина қызметкерінен ірі көлімдегі ақша талап еткен. Басшылыққа арыз жазып, оны жұмыстан шығартатынын айтып қорқытқан. Қазіргі уақытта бопсалау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән жайы анықталып жатыр", - делінген ақпаратта.
Жаңалықтар
0