Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі – видео

© Photo : ДВД АстаныМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қамысты ауданының полиция қызметкерлері “Рефлекс” операциясын жүргізу кезінде 44 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.
Ауыл тұрғынының үйінде санкцияланған жеке тінту барысында 14 келі марихуана тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат есірткі – кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жаңалықтар
0