Қазақстанда ет өндірісі 0,5%-ке өсті

© Photo : pixabay / congerdesignГовядина
Говядина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстанда қаңтар-қазан айларында 948,5 мың тоннаға жуық ет өндірілді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ке көп, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ең жоғары өсім жылқы етінің өндірісіде тіркелді – 4,8%-ке артып, 114,1 мың тоннаны құрады.
Сондай-ақ құс етінің өндірісі 2,9%-ке ұлғайып, 239,6 мың тоннаны құрады. Жыл басынан бері 400,1 мың тонна сиыр еті, 113,7 мың тонна қой еті, 61,2 мың тоннаға жуық шошқа еті өндірілді.
Биылғы жылдың қыркүйегінде ет экспорты 29,7 мың тоннаға (1 млн доллар) жетті. Экспорттың басым бөлігі сиыр етіне тиісілі – 13,5 мың тонна. Сонымен қатар, шетелге 6,7 мың тонна қой еті, 9,5 мың тонна құс еті сатылды.
Осы кезеңде алыс және жақын шет елдерден еттің барлық түрін қоса алғанда 110 мың тонна ғана өнім әкелінді. Импорттың басым бөлігі құс етіне қатысты – республикаға 97,5 мың тоннаға жуық өнім әкелінді.
Жаңалықтар
0