Қазақстан мен Ресей мұнай-газ транзитіндегі ынтымақтастығын тереңдетеді - Путин

© PhotoПрезидент России Владимир Путин на саммите СВМДА в Астане
Президент России Владимир Путин на саммите СВМДА в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. РФ президенті Владимир Путин өңіраралық форумда Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ және электр энергиясы саласындағы ынтымақтастығы туралы сөз қозғады.
Ресей көшбасшысы екі ел арасында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, көмірсутекті барлау және өндіру, мұнай-газ саласы мен олардың транзиті бағытында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.
"Ресей мен Қазақстан ортақ энергетикалық нарық қалыптасып жатқан Еуразиялық одақ шеңберінде белсенді ынтымақтастық орнатты", - деді Путин.
Естеріңізге сала кетейік, Орынборда 18-ші Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумы өтіп жатыр. Оған РФ мен Қазақстан президенті Мәскеуден онлайн қатысуда.
Жаңалықтар
0