https://sputnik.kz/20221128/qazaqstan-aqsh-qus-uaqytsha-shekteu-29807626.html
Қазақстан АҚШ-тан құс өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойды
Қазақстан АҚШ-тан құс өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстан АҚШ-та құс тұмауының өршуіне байланысты Америкадан құс өнімдерін импорттауға уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды ауыл... 28.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-28T16:33+0500
2022-11-28T16:33+0500
2022-11-28T16:33+0500
қоғам
құс
ақш
https://sputnik.kz/img/1126/72/11267286_0:0:2897:1631_1920x0_80_0_0_f15cf53827e90ff4d216e13ee94fd874.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстан АҚШ-та құс тұмауының өршуіне байланысты Америкадан құс өнімдерін импорттауға уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.2022 жылғы 14 қарашадан бастап АҚШ-тың Флорида, Теннесси, Арканзас, Аляска және Нью-Джерси штаттарынан Қазақстанға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды. Ал 25 қарашадан бастап тізімге Огайо мен Миссисипи штаттары да қосылды.Әзірге Қазақстанға АҚШ штаттарынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамықты, қауырсынды, термиялық өңдеуден өтпеген құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерін, құсқа арналған азықты, бұрын қолданылған құстарды ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған жабдықтарды импорттауға болмайды.Сондай-ақ осы жеті штаттан тірі құсты Қазақстан арқылы тасымалдауға да тыйым салынады.Айта кетері, биыл АҚШ-та құс тұмауы өршіп, 50,54 млн құс қырылды. Елде құс еті мен жұмыртқа айтарлықтай қымбаттап кеткен.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1126/72/11267286_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_0d83d89d1b3745078e15fc7a4c36168b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құс, ақш
Қазақстан АҚШ-тан құс өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстан АҚШ-та құс тұмауының өршуіне байланысты Америкадан құс өнімдерін импорттауға уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті. 2022 жылғы 14 қарашадан бастап АҚШ-тың Флорида, Теннесси, Арканзас, Аляска және Нью-Джерси штаттарынан Қазақстанға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды. Ал 25 қарашадан бастап тізімге Огайо мен Миссисипи штаттары да қосылды.
Әзірге Қазақстанға АҚШ штаттарынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамықты, қауырсынды, термиялық өңдеуден өтпеген құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерін, құсқа арналған азықты, бұрын қолданылған құстарды ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған жабдықтарды импорттауға болмайды.
Сондай-ақ осы жеті штаттан тірі құсты Қазақстан арқылы тасымалдауға да тыйым салынады.
Айта кетері, биыл АҚШ-та құс тұмауы өршіп, 50,54 млн құс қырылды. Елде құс еті мен жұмыртқа айтарлықтай қымбаттап кеткен.