https://sputnik.kz/20221128/problemalyq-energetikalyq-nysandar-memleket-menshigine-qaytarylady--ukimet-29788957.html
Проблемалық энергетикалық нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады – үкімет
Проблемалық энергетикалық нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады – үкімет
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Үкімет пен бас прокуратура бірқатар жылу энергетика орталығын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 24... 28.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-28T13:38+0500
2022-11-28T13:38+0500
2022-11-28T13:38+0500
электр энергиясы
жылу
https://sputnik.kz/img/26/72/267224_0:149:3113:1900_1920x0_80_0_0_2d3d9ecfb0c738a64f4acfc30ffd0cab.jpg
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Үкімет пен бас прокуратура бірқатар жылу энергетика орталығын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 24 қарашада Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлады үкіметтің ресми телеграм каналы.Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті қайтарылды.Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның үлесін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жасалып жатыр.Тағы 20 нысан, оның ішінде бірқатар жылу энергетика орталықтары мен мұнай-газ және темір жол секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі пысықталып жатыр.Проблемалық энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс осы жылдың наурыз айында құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/26/72/267224_190:0:2921:2048_1920x0_80_0_0_cb02f20b738219616b54be8ff81e8fd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы, жылу
Проблемалық энергетикалық нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады – үкімет
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Үкімет пен бас прокуратура бірқатар жылу энергетика орталығын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 24 қарашада Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлады үкіметтің ресми
телеграм каналы.
Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті қайтарылды.
Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның үлесін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жасалып жатыр.
Тағы 20 нысан, оның ішінде бірқатар жылу энергетика орталықтары мен мұнай-газ және темір жол секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі пысықталып жатыр.
Проблемалық энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс осы жылдың наурыз айында құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады.