https://sputnik.kz/20221128/atyrau-oblysynda-sheneunikterdin-bylygy-ashyldy-29782746.html
Атырау облысында шенеуніктердің былығы ашылды
Атырау облысында шенеуніктердің былығы ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Атырау облысында шенеуніктер көпбалалы отбасыларға арналған үйді салу кезінде 330 миллион теңгеге атқарылған жұмыстар туралы... 28.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-28T09:54+0500
2022-11-28T09:54+0500
2023-08-09T12:30+0500
атырау облысы
шенеунік
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744362_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f2dd2bc41e09e97839841c7048b882fc.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Атырау облысында шенеуніктер көпбалалы отбасыларға арналған үйді салу кезінде 330 миллион теңгеге атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған. Алайда шын мәнінде ештеңе істелмеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.Исатай ауданына іссапармен барған Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерлан Досанов Аққыстау ауылында анықталған заң бұзушылық туралы айтты."Ол жерде 60 пәтерге шақталған үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы кезінде мемлекеттік бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойған. Бұл дегеніміз, тапсырыс беруші ақшаны төлеп қойған, ал үш тұрғын үй бойынша 330 миллион теңгенің жұмысы жасалған жоқ", - дейді Досанов.Тұрғын үй әлі пайдалануға берілген жоқ. Ал мердігер өзіне жүктелген міндеттерден босатылмады. Осыған байланысты департамент бюджет қаржысын жымқыруды болдырмау мақсатында облыс басшылығына хат жолдап, мердігерді бақылауға алуды талап етті. Департаментке жауап келді. Оған сәйкес, барлық кемшілік жойылды. Соған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс нысанын пайдалануға беру барысын бақылауға ұстайды.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744362_747:0:2998:1688_1920x0_80_0_0_9d3da7c43ab1235b9ba4c2a43e48a5ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, шенеунік
Атырау облысында шенеуніктердің былығы ашылды
09:54 28.11.2022 (жаңартылды: 12:30 09.08.2023) АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Атырау облысында шенеуніктер көпбалалы отбасыларға арналған үйді салу кезінде 330 миллион теңгеге атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған. Алайда шын мәнінде ештеңе істелмеген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД" порталына
сілтеме жасап.
Исатай ауданына іссапармен барған Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Ерлан Досанов Аққыстау ауылында анықталған заң бұзушылық туралы айтты.
"Ол жерде 60 пәтерге шақталған үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы кезінде мемлекеттік бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойған. Бұл дегеніміз, тапсырыс беруші ақшаны төлеп қойған, ал үш тұрғын үй бойынша 330 миллион теңгенің жұмысы жасалған жоқ", - дейді Досанов.
Тұрғын үй әлі пайдалануға берілген жоқ. Ал мердігер өзіне жүктелген міндеттерден босатылмады. Осыған байланысты департамент бюджет қаржысын жымқыруды болдырмау мақсатында облыс басшылығына хат жолдап, мердігерді бақылауға алуды талап етті. Департаментке жауап келді. Оған сәйкес, барлық кемшілік жойылды. Соған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс нысанын пайдалануға беру барысын бақылауға ұстайды.