https://sputnik.kz/20221128/ata-ana-balanyn-autizmge-shaldyqqanyn-mektepke-barganda-bir-aq-biledi--aymagambetov-29783849.html
Ата-ана баланың аутизмге шалдыққанын мектепке барғанда бір-ақ біледі – Аймағамбетов
Ата-ана баланың аутизмге шалдыққанын мектепке барғанда бір-ақ біледі – Аймағамбетов
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Аутизмді дер кезінде, ерте кезеңде анықтау үшін тиісті шаралар қабылдау қажет, сонда ғана қолдау көрсету тиімдірек болады. Бұл... 28.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-28T10:20+0500
2022-11-28T10:20+0500
2022-11-28T10:20+0500
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/1266/00/12660035_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_ce0b9d5167b7d38597418199cb08c0fc.jpg
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Аутизмді дер кезінде, ерте кезеңде анықтау үшін тиісті шаралар қабылдау қажет, сонда ғана қолдау көрсету тиімдірек болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Аймағамбетов аутизм мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Онда ерекше балаларға қолдау көрсету мәселелері және арнайы әзірленіп жатқан жол картасы жобасы талқыланды.Оның айтуынша, ең өкініштісі, көпшілігі бұны мектеп жасында, бала бірінші сыныпқа барған кезде анықтайды."Екіншісі – аутизм синдромы бар балалардың ата-аналарына қолдау көрсету. Ата-аналар ерекше қажеттіліктер туралы білгенде мамандар іздей бастайды. Әдістемелермен жұмыс істеу, ата-аналарға онлайн курстар ұйымдастыру маңызды. Бірнеше модуль әзірлеуді жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды Аймағамбетов.Мысалы, ата-аналар аутизм туралы алғаш білгенде не істеу керек, қайда барып, қандай шаралар қолдану керек, қандай көмек алуға болатыны сияқты кіріспе курстар ұйымдастырылады. Баланы үйде қалай оңалтуға болатыны туралы ата-аналарға арналған басқа да арнайы онлайн бағдарламалар дайындау жоспарда бар.Төртіншіден, балабақшалар мен мектептердегі ресурстық орталықтарды одан әрі дамыту керек. Қазірдің өзінде ондаған орталық ашылды."Бесіншіден, ПМПК психологиялық-педагогикалық модельде жұмыс істеуі керек. Мамандарымыздың міндеті – педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету. Үш жылдың ішінде ПМПК саны шамамен үштен бірге көбейді. Бірақ әлі де сұрақтар бар, сондықтан биыл жаңа заң жобасына бастама жасадық. Осы түзетулердің нәтижесінде қазір 50 мың балаға бір ПМПК ашудың жаңа нормативі белгіленді. Бұл бізге тағы 36 ПМПК ашуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Аймағамбетов.Бүгінде 12 аутизм орталығы жұмыс істейді, келесі жылы өңірлерде осындай тағы 8 орталық ашылуы қажет."Алтыншыдан, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейміз. Біз университеттерге ПМПК мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз", - деп түйіндеді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1266/00/12660035_397:0:3128:2048_1920x0_80_0_0_f9cd715a0f26ccc0ef7a1629156ce710.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Аутизмді дер кезінде, ерте кезеңде анықтау үшін тиісті шаралар қабылдау қажет, сонда ғана қолдау көрсету тиімдірек болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Аймағамбетов аутизм мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Онда ерекше балаларға қолдау көрсету мәселелері және арнайы әзірленіп жатқан жол картасы жобасы талқыланды.
"Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп аутизмі бар балалармен жұмыс жөніндегі кешенді құжатты бекітуді жоспарлап отырмыз. Біріншіден, бүгінгі күнгі өзекті мәселе - балалардағы аутизмды дер кезінде анықтау. Негізінде ол бала мектепке дейінгі ұйымға келген кезде анықтала бастайды. Аутизм белгілерін байқаған тәрбиешілер ПМПК немесе емханаға жүгінуді ұсынады", - дейді министр.
Оның айтуынша, ең өкініштісі, көпшілігі бұны мектеп жасында, бала бірінші сыныпқа барған кезде анықтайды.
"Екіншісі – аутизм синдромы бар балалардың ата-аналарына қолдау көрсету. Ата-аналар ерекше қажеттіліктер туралы білгенде мамандар іздей бастайды. Әдістемелермен жұмыс істеу, ата-аналарға онлайн курстар ұйымдастыру маңызды. Бірнеше модуль әзірлеуді жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды Аймағамбетов.
Мысалы, ата-аналар аутизм туралы алғаш білгенде не істеу керек, қайда барып, қандай шаралар қолдану керек, қандай көмек алуға болатыны сияқты кіріспе курстар ұйымдастырылады. Баланы үйде қалай оңалтуға болатыны туралы ата-аналарға арналған басқа да арнайы онлайн бағдарламалар дайындау жоспарда бар.
"Үшіншіден, мектептерде балаларға оқу кезінде көмек көрсететін педагог-ассистент лауазымын енгіздік. Мектепке дейінгі ұйымдарға да педагог-ассистент штатын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ оларға білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмектесетін жеке көмекшілер беру қажет", - дейді министр.
Төртіншіден, балабақшалар мен мектептердегі ресурстық орталықтарды одан әрі дамыту керек. Қазірдің өзінде ондаған орталық ашылды.
"Бесіншіден, ПМПК психологиялық-педагогикалық модельде жұмыс істеуі керек. Мамандарымыздың міндеті – педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету. Үш жылдың ішінде ПМПК саны шамамен үштен бірге көбейді. Бірақ әлі де сұрақтар бар, сондықтан биыл жаңа заң жобасына бастама жасадық. Осы түзетулердің нәтижесінде қазір 50 мың балаға бір ПМПК ашудың жаңа нормативі белгіленді. Бұл бізге тағы 36 ПМПК ашуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Аймағамбетов.
Бүгінде 12 аутизм орталығы жұмыс істейді, келесі жылы өңірлерде осындай тағы 8 орталық ашылуы қажет.
"Алтыншыдан, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейміз. Біз университеттерге ПМПК мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз", - деп түйіндеді министр.