Қоғам

Астанада заңсыз митинг ұйымдастырған кәсіпкер 15 тәулікке қамауға алынды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото тюрьмы
Архивное фото тюрьмы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қазақстандық кәсіпкер Марат Әбиев Астанада заңсыз митингі өткізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 қарашада Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Марат Әбиевке қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Қазақстан Республикасының бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырғаны және өткізгені үшін және полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың заңды талаптарына бағынбағаны үшін оған екі бап бойынша айып тағылды.
"Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Марат Әбиевті жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, екі құқық бұзушылық бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қаулылар заңды күшіне енген жоқ", - деді соттағылар.
Сондай-ақ, 26 қарашада Марат Әбиевтің Астана қаласының жергілікті атқарушы органынан рұқсат алмай, Қорғалжын тас жолының бойында митинг ұйымдастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны айтылды.
Сотта Марат Әбиев ауыл шаруашылығын дамыту жобасын ертерек қарауға ел билігінің назарын аудару мақсатында бейбіт митинг ұйымдастыруға шешім қабылдағанын түсіндірді. Ол заңға қайшы әрекет жасамағанын айтып, бейбіт жиын өтетін күннен бір күн бұрын қала әкіміне алдағы іс-шара туралы хабарлағанын алға тартты. Кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады.
Еске салсақ, сенбі, 26 қараша кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы кәсіпкер шараға 300-ге жуық жастарды жинаған. Арандату салдарынан қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасалған. Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс зорайтқышты қолданған. Қатысушылар полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен.
Жаңалықтар
0