https://sputnik.kz/20221128/astanada-meditsinalyq-ortalyqtardyn-basshylary-ustaldy-29788050.html
Астанада медициналық орталықтардың басшылары ұсталды
Астанада медициналық орталықтардың басшылары ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астанада жалған анықтама сатқан екі медициналық орталықтың басшысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына... 28.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-28T12:20+0500
2022-11-28T12:20+0500
2022-11-28T12:20+0500
медицина
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астанада жалған анықтама сатқан екі медициналық орталықтың басшысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, жекеменшік медициналық орталықтардың басшылары жалған медициналық анықтамаларды өткізу арнасын ұйымдастырған. Олар еңбекке жарамсыздық парақтарын, денсаулық паспорттарын, санитарлық кітапшаларды, 086 және 075 нысанындағы анықтамаларды және өзге де медициналық құжаттарды сатқан. Көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алуға қажетті медициналық анықтамалар жасауға да тапсырыс қабылдаған.Криминалдық полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылы бойындағы медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын, сондай-ақ Әуезов көшесінде орналасқан медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын ұстады. Ал тінту кезінде қолма-қол ақша, мөрлер, медициналық мөртабандар, медициналық анықтамалардың түбіртек байламдары, тіркеу журналдары, медициналық кітапшалар, толтырылған және мөр қойылған еңбекке жарамсыздық парақтары тәркіленді.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Айта кетері, бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған осы қылмыс үшін 4 000 айлық есептік көрсеткiшке (12 720 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина
Астанада медициналық орталықтардың басшылары ұсталды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астанада жалған анықтама сатқан екі медициналық орталықтың басшысы ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жекеменшік медициналық орталықтардың басшылары жалған медициналық анықтамаларды өткізу арнасын ұйымдастырған. Олар еңбекке жарамсыздық парақтарын, денсаулық паспорттарын, санитарлық кітапшаларды, 086 және 075 нысанындағы анықтамаларды және өзге де медициналық құжаттарды сатқан. Көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алуға қажетті медициналық анықтамалар жасауға да тапсырыс қабылдаған.
Криминалдық полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылы бойындағы медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын, сондай-ақ Әуезов көшесінде орналасқан медициналық орталықтың 33 жастағы басшысын ұстады. Ал тінту кезінде қолма-қол ақша, мөрлер, медициналық мөртабандар, медициналық анықтамалардың түбіртек байламдары, тіркеу журналдары, медициналық кітапшалар, толтырылған және мөр қойылған еңбекке жарамсыздық парақтары тәркіленді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған осы қылмыс үшін 4 000 айлық есептік көрсеткiшке (12 720 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.