Мәдениет

Тоқаев Димаш Құдайберген қатысқан концертті тамашалады

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанТоқаев Димаш Құдайберген қатысқан концертті тамашалады
Тоқаев Димаш Құдайберген қатысқан концертті тамашалады
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Президент отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан" орталық концерт залының сахнасында еліміздің танымал әншілері Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Алишер Каримов, Біржан Хасанғалиев, Ұшқын Жамалбек, Тамара Асар, сондай-ақ "Астана балет" театры, "Contrast", "Terra" би ұжымдары мен тағы басқа мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.
Еске салсақ, 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде президент қызметіне кірісті. Ол алдағы 7 жылда ел президенті болады.
Жаңалықтар
0