Шығыс Қазақстанда екі күнде 20 адам құтқарылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Метель
Метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 қараша - Sputnik. Шығыс Қазақстан мамандар қар құрсауынан 20 адамды құтқарды.
Төтенше жағдайлар қызметінің айтуынша, басым көпшілігі жолаушылап шыққандар, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 20 адамның екеуі қойшы. Отар қойлары мен бірге бораннан ығып, адасып кеткен.
Ал қалғандары жолаушылап шығып, жол таппай қарға батып қалғандар. Төтенше жағдайлар департаментінің дауылды ескерткеніне қарамастан жолаушылап шығып, жолда қалатындар азаймай тұр, дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Олардың айтуынша, қарда қалған жолаушылар үсіп қала жаздаған. Екі күнде 20 адам құтқарылды, арасында бір ит бар.
Жаңалықтар
0