Өңірлер

Қатты аязға байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

© Photo : Департамент полиции СКОДвойная месячная норма снега выпала в некоторых районах СКО за буранные сутки
Двойная месячная норма снега выпала в некоторых районах СКО за буранные сутки - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2022
Жазылу
Елдің солтүстігі мен орталығында екі күн қатарынан қатты аяз болып тұр
АЛМАТЫ, 27 қараша — Sputnik. Қатты аяз және боранға байланысты тоғыз облыста республикалық тасжолдар жабылды.
Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында қоғамдық және жүк көлігі үшін барлық бағыт бойынша жол жабық.
Жол жөндеу және төтенше жағдайлар мамандары тәулік бойы қар басқан жолдарды тазалап, қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесіп жатыр.
Жүргізушілер мен жолаушыларға жолда қалу қаупі туындаса тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталықтың 1403 нөміріне хабарласу керек.
"Қазгидрометтің" болжамынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік антициклон жетті. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы күрт төмендейді.
Жаңалықтар
0