Денсаулық

Қазақстанда ДДСҰ сайты бұғатталды - сот түсініктеме берді

© Sputnik / Алексей ВитвицкийДДСҰ
ДДСҰ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Талғар аудандық соты Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтының неліктен бұғатталғанын түсіндірді.
Соттың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратта сайтты бұғаттау туралы шешім 14 қазанда қабылданғаны жазылған.
Баспасөз қызметі аудан прокуроры мемлекет мүддесін көздеп, шетелдік БАҚ интернет-ресурсында жарияланған өнімдерді заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағында таралуын тоқтатуды талап етіп, сотқа жүгінгенін түсіндірді.
Сот талқылауы барысында мессенджерлердің бірінде "Іздеу" функциясы таңдалған кезде "Өз-өзіне қол салу әдістері" боты ашық екені анықталды, деп атап өтті баспасөз қызметі.
"Чатқа ауысқан кезде ботпен хат алмасу автоматты түрде іске қосылады. Диалог кезінде өзіне-өзі қол жұмсау тәсілдері ұсынылады. Ал олардың біреуін таңдаған кезде бот әрекеттердің егжей-тегжейлі сипаттамасымен суицид жасаудың әртүрлі тәсілін жібереді", - деп атап өтті сотта.
Оның үстіне, чатбот күмәнді ақпараты бар жалғыз ресурс емес екені анықталды.
Интернет азаматтарға, соның ішінде кәмелетке толмаған балалар мен жастарға қолжетімді екенін ескере отырып, бұл ақпарат қауіпті деген қорытынды шығарылды, деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Шешім күшіне еніп, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайты бұғатталды.
Жаңалықтар
0