https://sputnik.kz/20221126/almaty-oblysynda-kolik-qaqqan-ush-bala-auyr-khalde-zhatyr-29762873.html
Алматы облысында көлік қаққан үш бала ауыр халде жатыр
Алматы облысында көлік қаққан үш бала ауыр халде жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. 25 қарашада Lexus автокөлігі 5 оқушыны қағып кетті. Дәрігерлер балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik... 26.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-26T18:53+0500
2022-11-26T18:53+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. 25 қарашада Lexus автокөлігі 5 оқушыны қағып кетті. Дәрігерлер балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9,10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр, бір баланың жағдайы орташа ауырлықта.Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына барып, жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты."Бүгінгі таңда жол апатынан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. 13 жастағы қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол аурухананың травматология бөлімінде емделіп жатыр. Балалар басқарма тарапынан бақылауға алынып, оларға барлық қажетті мециналық көмек көрсетілуде. Аурухана қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер қолдан келгенше балаларды аман алып қалуға тырысып жатыр", - деді басқарма басшысы Өмірзақ Ниязбекұлы.Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан 9-10 жастағы 5 бала зардап шекті. Оқушылар жаяу жүргінші белгісі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған. Lexus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп балаларды қаққан. Балалардың кейбірі бірнеше метрге ұшып кеткен. 4 оқушы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. 1 оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Алматы облысында көлік қаққан үш бала ауыр халде жатыр
18:53 26.11.2022 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. 25 қарашада Lexus автокөлігі 5 оқушыны қағып кетті. Дәрігерлер балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9,10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр, бір баланың жағдайы орташа ауырлықта.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына барып, жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты.
"Бүгінгі таңда жол апатынан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. 13 жастағы қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол аурухананың травматология бөлімінде емделіп жатыр. Балалар басқарма тарапынан бақылауға алынып, оларға барлық қажетті мециналық көмек көрсетілуде. Аурухана қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер қолдан келгенше балаларды аман алып қалуға тырысып жатыр", - деді басқарма басшысы Өмірзақ Ниязбекұлы.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан 9-10 жастағы 5 бала зардап шекті. Оқушылар жаяу жүргінші белгісі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған. Lexus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп балаларды қаққан. Балалардың кейбірі бірнеше метрге ұшып кеткен. 4 оқушы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. 1 оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.