https://sputnik.kz/20221125/turgyn-uy-kezegi-ministrlik-29732410.html
Тұрғын үй кезегіне тұратын адамдар саны өсіп барады – министрлік
Тұрғын үй кезегіне тұратын адамдар саны өсіп барады – министрлік
Sputnik Қазақстан
Қазір әкімдіктерде 600 мыңнан астам қазақстандық баспана кезегінде тұр 25.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-25T16:26+0500
2022-11-25T16:26+0500
2022-11-25T16:26+0500
қоғам
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев үкімет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан баспана кезегіне тұратын азаматтар саны азаймай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қабылданып жатқан шараларға және көптеген азаматтың тұрғын үй мәселелері шешілгеніне қарамастан, баспанаға мұқтаж адамдардың кезекке тұруы тұрақты өсіп келеді. Бүгінгі күні әкімдіктерде 623 мың азамат кезекте тұр. Оның 400 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шаралары аясында бір жылда небәрі 20 мың (3,21%) азамат тұрғын үймен қамтылады, ал кезектілік орта есеппен 50 мың (8%) адамға артып жатыр", - деді Дауылбаев сенатта өткен үкімет сағатында.Айтуынша, кезектіліктің өсуі бюджетке айтарлықтай ауыртпалық түсіреді. Оның үстіне әлеуметтік тұрғын үй құрылысы мен жеңілдетілген кредит беру үшін қомақты инвестициялар қажет, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорын күтіп-ұстау керек.Биыл министрлік алдында барлық қаржыландыру көздері есебінен 15,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 137,7 мың тұрғын үй салу міндеті тұр."Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты аясында 7 мыңнан астам азамат сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, өңірлерде кезекте тұрғандар үшін "Отбасы банк" арқылы сатылатын 9,8 мың кредиттік тұрғын үй салынып жатыр", - деді вице-министр.Бұдан бөлек, кезекте тұрған 6,1 мың азаматты 2% мөлшерлеме бойынша, тағы 7,8 мың адамды 5% мөлшерлеме, жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алу үшін кезекте тұрғандарды тұрғын үй төлемдерімен мемлекеттік қолдау шаралары негізінде қамту жоспарланған.
https://sputnik.kz/20221125/prezident-7-20-25-bagdarlamasyn-zhalgastyru-turaly-tapsyrma-berdi--vitse-ministr-29723565.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй
Тұрғын үй кезегіне тұратын адамдар саны өсіп барады – министрлік
Қазір әкімдіктерде 600 мыңнан астам қазақстандық баспана кезегінде тұр
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев үкімет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан баспана кезегіне тұратын азаматтар саны азаймай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қабылданып жатқан шараларға және көптеген азаматтың тұрғын үй мәселелері шешілгеніне қарамастан, баспанаға мұқтаж адамдардың кезекке тұруы тұрақты өсіп келеді. Бүгінгі күні әкімдіктерде 623 мың азамат кезекте тұр. Оның 400 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шаралары аясында бір жылда небәрі 20 мың (3,21%) азамат тұрғын үймен қамтылады, ал кезектілік орта есеппен 50 мың (8%) адамға артып жатыр", - деді Дауылбаев сенатта өткен үкімет сағатында.
Айтуынша, кезектіліктің өсуі бюджетке айтарлықтай ауыртпалық түсіреді. Оның үстіне әлеуметтік тұрғын үй құрылысы мен жеңілдетілген кредит беру үшін қомақты инвестициялар қажет, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорын күтіп-ұстау керек.
Биыл министрлік алдында барлық қаржыландыру көздері есебінен 15,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 137,7 мың тұрғын үй салу міндеті тұр.
"Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты аясында 7 мыңнан астам азамат сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, өңірлерде кезекте тұрғандар үшін "Отбасы банк" арқылы сатылатын 9,8 мың кредиттік тұрғын үй салынып жатыр", - деді вице-министр.
Бұдан бөлек, кезекте тұрған 6,1 мың азаматты 2% мөлшерлеме бойынша, тағы 7,8 мың адамды 5% мөлшерлеме, жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алу үшін кезекте тұрғандарды тұрғын үй төлемдерімен мемлекеттік қолдау шаралары негізінде қамту жоспарланған.