Тоқаев желтоқсан айының басында Ташкентке сапармен барады

© Photo : Пресс-служба президента Узбекистана Шавкат Мирзиёев Бейбіт Атамқұловтан сенім грамотасын қабылдады
Шавкат Мирзиёев Бейбіт Атамқұловтан сенім грамотасын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айының басында Ташкентке сапармен барады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Өзбекстандағы жаңа елшісі Бейбіт Атамқұловтан сенім грамотасын қабылдады.
"Қазақстан президентінің желтоқсан айының басына жоспарланған Өзбекстанға сапары мемлекетаралық қарым-қатынастағы жаңа дәуірдің бастауы болатынына сенім білдірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Салтанатты шара барысында Шавкат Мирзиеев Қазақстан Өзбекстанның ғасырлар бойы жақын досы, көршісі, стратегиялық серіктесі және одақтасы болғанын атап өтті.
Өзбекстан президентінің айтуынша, кейінгі жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас тұрақты жоғары динамика көрсетіп келеді.
Мәселен, басымдықты салаларда 3,5 миллиард доллардың инвестициялық жобалары жүзеге асырылып жатыр, жыл басынан бері өзара сауда көлемі 20 пайызға артып, 4 миллиард долларға жақындаған.
Бейбіт Атамқұлов 5 қарашада Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы елшісі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0