Солтүстік Қазақстандағы ауылдардың бірінде әйелдің мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 25 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында анасының үйіне келген әйел дәлізден оның мәйітін тапқан, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөліміне Советское ауылында үйдің верандасынан зорлықпен өлтірілген 56 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Кісі өлтірді деген күдікпен сол ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, олар бірге алкогольдік ішімдік ішкен, екеуінің арасында жанжал шығып, ер адам әйелді соққыға жыққан", - деп хабарлады полиция.
Әйелдің мәйітін анасына бірнеше күн бойы хабарласа алмаған соң, оны іздеп келген марқұмның қызы тауып алған.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0