Шымкентте құжаты жоқ 79 жүргізуші жауапқа тартылды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей, архивтегі фото
Полицей, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Шымкентте жиырма бір тәулік ішінде құжатсыз көлік құралын басқарған 79 жүргізуші анықталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәселен, кезекті іс-шара барысында тәртіп сақшылары түнгі уақытта Әл-Фараби алаңында "Toyota" маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында жүргізушінің автокөлікті басқаруға ешқандай құжаты болмағандығы белгілі болды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.
Тәртіп сақшылары жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолда мұқият болулды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.
Жаңалықтар
0