https://sputnik.kz/20221125/memlekettik-satyp-alu-portalynda-qurylys-kompaniyalaryna-limit-qoyu-usynyldy-29716077.html
Мемлекеттік сатып алу порталында құрылыс компанияларына лимит қою ұсынылды
Мемлекеттік сатып алу порталында құрылыс компанияларына лимит қою ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Депутаттың пікірінше, бүгінде құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу тетігі жетілдірілмеген 25.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-25T11:18+0500
2022-11-25T11:18+0500
2022-11-25T11:18+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0f/14478727_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_ab8d233c3b29342d50db4057ba9b2da6.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Серік Шайдаров мемлекеттік сатып алу порталында құрылыс компанияларына конкурстарға қатысуға және жеңуге лимит қоюды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенатордың айтуынша, бүгінгі таңда бір компания елдің әртүрлі өңірінде бірнеше конкурстың жеңімпазы атануы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыстың көп бөлігі кейіннен қосалқы мердігерлікке, кейде көп сатылы қосалқы мердігерлікке беріледі.Осы орайда депутат Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы үйді мысалға келтірді. Құрылысы 2014 жылы басталған және нормативтік ұзақтығы 11 айды құрайтын 120 пәтерлік екі үйдің құрылысы әлі аяқталмаған. Нысандар 2020 жылдан бастап консервацияланған.Бұл ретте жоба 21%-тен астамға (3,3-тен 4 млрд теңгеге дейін) қымбаттады. Мұндай мысалдар елдің әр аймағында кездеседі, дейді халық қалаулысы."Бұл мәселені шешуде жаңа тәсілдер қажет деп санаймын. Сондықтан үкімет адами факторды барынша алып тастай отырып, Мемлекеттік сатып алу порталында материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын ескеріп, бір компанияның конкурстарға қатысуына және жеңуіне автоматтандырылған лимит белгілеу арқылы цифрландыруды тереңдетуі қажет деп есептейміз", - деді Шайдаров.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0f/14478727_72:0:1207:851_1920x0_80_0_0_cb28b05c70727a50263eb74a903a3103.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Мемлекеттік сатып алу порталында құрылыс компанияларына лимит қою ұсынылды
Депутаттың пікірінше, бүгінде құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу тетігі жетілдірілмеген
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Серік Шайдаров мемлекеттік сатып алу порталында құрылыс компанияларына конкурстарға қатысуға және жеңуге лимит қоюды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатордың айтуынша, бүгінгі таңда бір компания елдің әртүрлі өңірінде бірнеше конкурстың жеңімпазы атануы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыстың көп бөлігі кейіннен қосалқы мердігерлікке, кейде көп сатылы қосалқы мердігерлікке беріледі.
"Осындай тәжірибе мердігерлердің келісімшарттағы міндеттемелерін орындамауына, құрылыс сапасының төмендеуіне, сондай-ақ бағаның өсуіне әкеледі. Осыған байланысты объектілер консервацияланады, ішінара талданады және оларды аяқтауға немесе қалпына келтіруге қосымша қаражат талап етеді", - деді Шайдаров сенатта өткен үкімет сағатында.
Осы орайда депутат Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы үйді мысалға келтірді. Құрылысы 2014 жылы басталған және нормативтік ұзақтығы 11 айды құрайтын 120 пәтерлік екі үйдің құрылысы әлі аяқталмаған. Нысандар 2020 жылдан бастап консервацияланған.
Бұл ретте жоба 21%-тен астамға (3,3-тен 4 млрд теңгеге дейін) қымбаттады. Мұндай мысалдар елдің әр аймағында кездеседі, дейді халық қалаулысы.
"Бұл мәселені шешуде жаңа тәсілдер қажет деп санаймын. Сондықтан үкімет адами факторды барынша алып тастай отырып, Мемлекеттік сатып алу порталында материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын ескеріп, бір компанияның конкурстарға қатысуына және жеңуіне автоматтандырылған лимит белгілеу арқылы цифрландыруды тереңдетуі қажет деп есептейміз", - деді Шайдаров.