https://sputnik.kz/20221125/euroodaq-transkaspiy-khalyqaralyq-kolik-bagytyn-damytuga-investitsiya-saludy-zhosparlap-otyr-29727771.html
Еуроодақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр
Еуроодақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі жұмысты жанданады. Бұл туралы Ақтау қаласында... 25.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-25T14:44+0500
2022-11-25T14:44+0500
2022-11-25T16:12+0500
каспий
еуропалық одақ
https://sputnik.kz/img/05/18/051886_0:2:1001:565_1920x0_80_0_0_7289b856fc7dc20b9e4837fa3be08d01.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі жұмысты жанданады. Бұл туралы Ақтау қаласында Транскаспий өзара байланысы жөнінде өтіп жатқан министрлердің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға арналған іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркияның сыртқы істер министрлері мен көлік мәселелеріне жауапты министрлік басшылары қатысып отыр. Биыл қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасында Қытай-Еуропа бағытында теміржол тасымалдарын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылған болатын. Министр Қайырбек Өскенбаев көлік бағытын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды. Оның айтуынша, аталған кәсіпорын ортақ оператор ретінде жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен жұмыс жасай отырып, маршруттың барлық кезеңінде бірыңғай тариф пен қызметтердің біркелкі стандартын ұсынатын болады. Сонымен қатар министр Еуропалық Одақтың маршрутты дамытуға қаржылай қолдау көрсететінін айтты. "2021 жылдың 1 желтоқсанында Еуропалық Комиссия мен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Global Gateway бастамасын іске қосты. Бұл цифрландыру, энергетика, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және зерттеу сияқты салаларда жоғары технологиялық, экологиялық және қауіпсіз жаһандық байланыстарды дамытудың жаңа еуропалық стратегиясы. Аталған стратегияны іске асыру үшін ЕО ТХКБ дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр", – деді Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/05/18/051886_122:0:877:566_1920x0_80_0_0_4a3ddd0c8cbf909fe5b446f644bd8853.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, еуропалық одақ
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі жұмысты жанданады. Бұл туралы Ақтау қаласында Транскаспий өзара байланысы жөнінде өтіп жатқан министрлердің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға арналған іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркияның сыртқы істер министрлері мен көлік мәселелеріне жауапты министрлік басшылары қатысып отыр.
Биыл қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасында Қытай-Еуропа бағытында теміржол тасымалдарын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Министр Қайырбек Өскенбаев көлік бағытын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды. Оның айтуынша, аталған кәсіпорын ортақ оператор ретінде жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен жұмыс жасай отырып, маршруттың барлық кезеңінде бірыңғай тариф пен қызметтердің біркелкі стандартын ұсынатын болады.
Сонымен қатар министр Еуропалық Одақтың маршрутты дамытуға қаржылай қолдау көрсететінін айтты.
"2021 жылдың 1 желтоқсанында Еуропалық Комиссия мен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Global Gateway бастамасын іске қосты. Бұл цифрландыру, энергетика, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және зерттеу сияқты салаларда жоғары технологиялық, экологиялық және қауіпсіз жаһандық байланыстарды дамытудың жаңа еуропалық стратегиясы. Аталған стратегияны іске асыру үшін ЕО ТХКБ дамытуға инвестиция салуды жоспарлап отыр", – деді Өскенбаев.