https://sputnik.kz/20221125/eldin-tort-onirinde-zhol-zhabyldy-29737497.html
Елдің төрт өңірінде жол жабылды
Елдің төрт өңірінде жол жабылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 25.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-25T20:18+0500
2022-11-25T20:18+0500
2022-11-25T20:18+0500
жол
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374713_331:0:3318:1680_1920x0_80_0_0_d159ad879907c7fd49c07c91dec992fc.jpg
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".Ұлттық компания хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды және Абай облыстарында боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.Кешкі 18.30-дан бастап Абай облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейінгі аралығы, Аягөзден Қалбатау ауылына дейінгі, Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі учаскесі жабылды. Сонымен қатар"Таскескен-Бақты" жолының 0-184 шақырым аралығы жабық.Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" жолының Үшарал қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына тыйым салынған.Одан бөлек Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" автожолының Абай облысы шекарасынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы жабылған."Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы" жолының 105-123 шақырым аралығында да қозғалысқа шектеу қойылды.Бұл - Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі учаске.Сонымен қатар сағат 19.00-ден бастап Қарағанды облысындағы "Қарағанды-Балқаш" тасжолында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374713_704:0:2944:1680_1920x0_80_0_0_d22c616d1018cd72815046fcdb05b4a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ұлттық компания хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды және Абай облыстарында боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Кешкі 18.30-дан бастап Абай облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейінгі аралығы, Аягөзден Қалбатау ауылына дейінгі, Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі учаскесі жабылды. Сонымен қатар"Таскескен-Бақты" жолының 0-184 шақырым аралығы жабық.
Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" жолының Үшарал қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына тыйым салынған.
Одан бөлек Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" автожолының Абай облысы шекарасынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы жабылған.
"Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы" жолының 105-123 шақырым аралығында да қозғалысқа шектеу қойылды.
Бұл - Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі учаске.
Сонымен қатар сағат 19.00-ден бастап Қарағанды облысындағы "Қарағанды-Балқаш" тасжолында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.