Бір күнде 139 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

© AFP 2024 / MOHAMMED ABEDМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 139 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 116 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 25 қарашадағы мәлімет бойынша 854 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 396 204 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Жаңалықтар
0