Батыстың Сирияға салған санкцияларынан халық зардап шегіп жатыр – сарапшы

© Sputnik / Абзал КалиевАстанадағы Сирия келіссөздерінің 19-шы раунды, 2022 жылдың 23 қарашасы
Астанадағы Сирия келіссөздерінің 19-шы раунды, 2022 жылдың 23 қарашасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2022
Жазылу
Қазақстандық сарапшы халықаралық делдалдардың күш салуына қарамастан Сирияда тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін себептерді атады. 2017 жылдан бері Астана процесі қарсылас тараптарды татуластыру алаңдарының біріне айналды
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұзақ жыл бойы соғыстан көз ашпай келген Сирия енді АҚШ пен Еуроодақтың заңсыз санкцияларының ауыр зардабын бастан кешіріп жатыр, деп мәлімдеді халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық сарапшы Ақмарал Баталова.

"АҚШ пен ЕО заңсыз енгізген экономикалық және қаржылық шектеулер ауыр салдар тудырып отыр. Сирия қалаларын қирату адамзат түсінігі мен ұғымына жат екенін білеміз. Бірақ қазір қарулы іс-әрекеттер Сирия халқына қарсы экономикалық соғысқа алмастырылды", - деді Баталова Түркияның Aydinlik басылымына берген сұхбатында.

Баталова АҚШ пен ЕО санкциялары бұл елді қалпына келтіруге, гуманитарлық көмек жеткізуге және босқындарды қайтаруға кедергі келтіріп жатыр деп есептейді. Мұның бәрі елдегі жағдайды нашарлатады.
Оның пікірінше, санкцияларды алып тастаудың уақыты келді – халықаралық қауымдастық Сирия халқына аяқтан тұруға көмектесу үшін ұжымдық сенім шараларын табуы керек.
Сарапшы Идлиб пен Эт-Танфтағы халықаралық терроризмнің лаңкестік анклавтары, сондай-ақ Евфраттан тыс аймақта күрді сепаратизмін қолдау Сириядағы тұрақтылықты орнатуға кедергі келтіретін тағы бір жағымсыз фактор екенін айтты.
Дамаск мұны АҚШ бастаған коалиция және Түркия күштерінің Сирия жерін заңсыз басып алуы деп санайды. Асад үкіметі мұны елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қауіп төндіретін шетелдік басқыншылық деп атайды.
"Бұл елдер Сириядағы өз іс-әрекетін лаңкестікпен күресу деп ақтайды. Мысалы, Анкара бірнеше ай бойы Сирия мен Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) күштеріне қарсы арнайы әскери операция бастауды жоспарлап отыр. Алайда осы уақыттың ішінде келіссөздер жүргізу кезінде күрді күштерінің әрекетін қадағалайтын Вашингтонмен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге талпыныс жасалды", - деп түсіндірді Баталова.
Белгілі болғандай, түрік армиясының 20 қарашаға қараған түні жасаған жаппай әуе шабуылдары Ыстанбұл орталығында жақында болған лаңкестік әрекетке қатысты реакция болған. Түркия Вашингтонның көңіл айтуын қабылдамай, АҚШ-ты тікелей кінәлады.
Ал Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу 13 қарашада Ыстанбұлдағы шабуылға дайындық орталығы Американың бақылауындағы Кобаниде болғанын айтты.
Астана процесінің қосқан үлесі қандай?
Астана процесі 2017 жылдың қаңтарында іске қосылды. Келіссөзге Башар Асад үкіметінің өкілдері, сириялық оппозиция өкілдері, соның ішінде дала майданының командирлері, сондай-ақ БҰҰ-ның арнайы өкілі қатысты. Ресей, Иран және Түркия Кепілгер елдер ретінде белгіленді.
Астана келіссөзі Женевадағы саяси процеске қосымша ретінде құрылды. Келіссөздердің ауқымы тараптардың тікелей талқылауы кезінде шешілуі қажет мәселелерге қатысты. Бұл атысты тоқтату, минадан тазарту процесі, тұтқын алмасуды жеңілдету, гуманитарлық көмек жеткізу, босқындарды елге қайтару және Сирияны қалпына келтіруді қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеуге қатысты шараларды қамтыды.
"Бұл мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Олар уақыт пен барлық мүдделі тараптың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Әрине, келіссөзге қатысушылар арасында белгілі бір келіспеушіліктер бар, бірақ бұл қандай да бір мәселелер қаралмауға тиіс деген сөз емес", - деп түсіндірді Баталова.
Жаңалықтар
0