https://sputnik.kz/20221124/zhinalysta-qyzmetkerlerin-bir-sagattan-astam-balagattagan-akim-tergeuge-alyndy-29701254.html
Жиналыста қызметкерлерін бір сағаттан астам балағаттаған әкім тергеуге алынды
Жиналыста қызметкерлерін бір сағаттан астам балағаттаған әкім тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қол астындағы қызметкерлерді балағаттаған әкімге қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T16:33+0500
2022-11-24T16:33+0500
2023-08-10T16:58+0500
қоғам
әкім
батыс қазақстан облысы
тергеу
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:542:1717:1507_1920x0_80_0_0_1caac50f3bf5dd7d299793b2b9507f0b.jpg
АСТАНА, 24 қараша - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қол астындағы қызметкерлерді балағаттаған әкімге қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап. Агенттік мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен болған жиналыстың аудиожазбасын анықтады. "Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған орай, мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізуде", - делінген ресми хабарламада. Уральская неделя порталында жарияланған мәліметке сәйкес, аудиожазбаның ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Сол кезде сан алуан балағат сөзді 150 рет айтқан. Соның ішінде қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер де аз емес. Бұл жиналыс наурыз айында болған. Сол кезде қар еріп, су басу қаупі туындаған. Әкім қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, туфлидің орнына резеңке етік киюді бұйырды. "Иә, сол кезде мен қызбалыққа салындым, қатты сөздер айттым. Заң бойынша олай істеуге құқығым жоқ, оны да білемін. Бірақ сол кезде су басу қаупі бірінші орында тұрды, содан қатты сөздерді пайдалануға тура келді. Осы кеңестен кейін ауданда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Ал қатты сөздерім үшін барлығынан кешірім сұраймын", - дейді Тоқжанов.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:381:1717:1668_1920x0_80_0_0_578c75c54521e711f19e2be848ae98be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, батыс қазақстан облысы, тергеу
әкім, батыс қазақстан облысы, тергеу
Жиналыста қызметкерлерін бір сағаттан астам балағаттаған әкім тергеуге алынды
16:33 24.11.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) АСТАНА, 24 қараша - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қол астындағы қызметкерлерді балағаттаған әкімге қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен болған жиналыстың аудиожазбасын анықтады.
"Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған орай, мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізуде", - делінген ресми хабарламада.
Уральская неделя порталында жарияланған мәліметке сәйкес, аудиожазбаның ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Сол кезде сан алуан балағат сөзді 150 рет айтқан. Соның ішінде қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер де аз емес.
Бұл жиналыс наурыз айында болған. Сол кезде қар еріп, су басу қаупі туындаған. Әкім қол астындағы қызметкерлеріне ұрысып, туфлидің орнына резеңке етік киюді бұйырды.
"Иә, сол кезде мен қызбалыққа салындым, қатты сөздер айттым. Заң бойынша олай істеуге құқығым жоқ, оны да білемін. Бірақ сол кезде су басу қаупі бірінші орында тұрды, содан қатты сөздерді пайдалануға тура келді. Осы кеңестен кейін ауданда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Ал қатты сөздерім үшін барлығынан кешірім сұраймын", - дейді Тоқжанов.