Ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігі қайтарылады

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Заңға ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігін қайтаруға қатысты өзгеріс енгізілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Cенатта көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды. Соның бірі – жолаушылар ұшағы кешіккені үшін қосымша шара қолдану. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, енді ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік болады.
"Заңға қосымша өзгеріс енгізіліп отыр. Әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3 процентін қайтаруы керек", - деді Өскенбаев сенат отырысында.
Оның айтуынша, жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады.
Жаңалықтар
0